Қоқыс полигондарына мониторинг жасалды — Төрттаған
Пятница, 6 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қоқыс полигондарына мониторинг жасалды

31.08.2022
Жаңалықтар
0
Қоқыс полигондарына мониторинг жасалды

Созақ аудандық Қоғамдық кеңесінің «Әлеуметтік саланың дамуы, экологиялық ахуал және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша» комиссияның ұйымдастыруымен «Экология және қоршаған орта сапасы» тақырыбында апталық жоспар бекітілген. Осы жоспар аясында Созақ ауданына қарасты Созақ, Шолаққорған ауылдық округтері және Таукент кентіндегі қоқыс полигондарына зерделеу жұмыстары жасалды.
Жалпы аудан бойынша Шолаққорған, Жартытөбе, Құмкент, Созақ ауылдық округтерінде және Таукент, Қыземшек кенттерінде қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындар (полигон) бар. Сызған, Қарақұр, Қаратау, Тасты, Жуантөбе және Шу ауылдық округтеріне қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындарға жер телімдері алынып, мемлекеттік жер актілері рәсімделіп, жобалау сметалық құжаттары әзірленген.
Созақ ауылындағы қоқыс полигоны 2018 жылы пайдалануға берілген және орналасқан жер көлемі 10 гектарды алып жатыр. Қазіргі таңда «Асыл Ад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жауапкершілігіне алып, ауылдың тұрмыстық қалдықтарын жинап, ретке келтіріп отыр.
Таукент кентіндегі 3 гектар жерге орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон «Созақ Сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына сенімгерлік басқаруға беріліп, жұмыстар жүргізілуде.
Шолаққорған ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонның жарамдылық мерзімі бітіп, қазіргі таңда «Созақ-сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын тарапынан жер теліміне жерге орналастыру жобалары әзірленіп, ауыл шаруашылығы өндірісіне келтірілетін зиян шығындарын алуға құжаттар тапсырылған. Алдағы уақытта өз шешімін табады.
Сонымен қатар комиссия мүшелері Созақ ауылында орналасқан қайта өңдеуге жататын тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап жинаумен айналысатын жеке кәсіпкер Азимбаева Салия Рысханқызының жұмысымен танысты. 2019 жылы негізін қалап, казіргі таңда экологияны тазарту бағытында тиімді жобаны қолға алған кәсіпкер, жиналған қатты қалдықтарды айына бір рет Шымкент қаласына алып барып өткізетіндігін және жылына 90-100 тоннаға жуық қайта өңдеуге жататын тұрмыстық қатты қалдықтар жиналатынын айтып өтті. Алдағы уақытта пластмасса қалдықтарын ұсақтап турайтын аппарат алуды жоспарлап, қайтарымсыз грантқа жоба ұсынғанын тілге тиек етті. Өз қарамағында 4 адамды жұмыспен қамтып, қоршаған орта мен қоғамға пайдасын тигізіп отырған кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілейміз.

БІРЖАН САРЖАНОВ,
Созақ аудандық Қоғамдық кеңесінің «Әлеуметтік саланың дамуы, экологиялық ахуал және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша» комиссияның мүшесі

READ ALSO

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«AMANAT»: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН ТАҒДЫРЫН 1 ҰПАЙ ШЕШТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

23.02.2026
6
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

23.02.2026
6
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды

23.02.2026
6
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

23.02.2026
11
Жаңалықтар

«Ұлттық қор — балаларға»

23.02.2026
12
Жаңалықтар

Инвестирование пенсионных активов: сохранность и реальная доходность в долгосрочной перспективе

23.02.2026
15

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
328
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
275
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
207

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.