ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК БАҒЫТТАҒЫ ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК БАҒЫТТАҒЫ ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

07.10.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК БАҒЫТТАҒЫ ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан өңірінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін биыл 92%-ға арттыру жоспарланған. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов айтты.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің ұзындығы 17 509,5 шақырымды құрайды. 2022 жылғы жоспарға сәйкес, автомобиль жолдары саласы бойынша өңірде 779 нысанға құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Оның ішінде 52 облыстық, 42 аудандық, елдімекен көшелерінен 685 маңызды нысан бар. Жыл соңында 703 нысан немесе 1467,3 шақырым жол мен көше пайдалануға тапсырылады деп жоспарлануда.
Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 87%-дан 92%-ға арттыру жоспарлануда. Жалпы, облыста сапалы жолдардың үлесі 2025 жылға дейін 99,5%-ға жеткізілмек. Жолдарды жөндеуде негізгі басымдық – облыс орталығы мен үлкен елдімекендерді «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізімен қосатын және туристік бағыттағы жолдарға берілген.
– Түркістан облысында туризм саласын дамыту үшін туристік нысандарға баратын жолдардың жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар іске асуда. Бұл ретте, облыстағы ірі жобалардың бірі — Түркістан-Шәуілдір бағытындағы ұзындығы 64 шақырымдық жолдың 35 шақырымында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Кентау қаласынан Түркістанға кіреберіс 26 шақырым жолды қайта құру жұмыстары да атқарылуда. Сонымен қатар Жамбыл облысы мен Түркістан облысын байланыстыратын Созақ ауданындағы 152 шақырымдық облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Бұл нысандар 2023 жылы толық пайдалануға тапсырылмақ, — деді Ролан Ибрагимов.
Сонымен қатар, Төлеби ауданындағы Қасқасу және Біркөлік, Отырар ескі қалашығына баратын жолдар толық жөндеуден өтіп, «Тау самалы» демалыс аймағына баратын жолдың жөндеу жұмыстары биыл басталмақ.
Ал, Сауран ауданын облыс орталығы Түркістан қаласымен қосатын Шорнақ, Майдантал, Қарашық, Жүйнек, Қарнақ елдімекендерінен өтетін жолдарға жөндеу жұмыстары атқарылып, жыл соңына дейін 66,8 шақырымы толық пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, Түлкібас ауданының Келтемашат, Састөбе, Шұқырбұлақ, Майтөбе, Ынтымақ бағытындағы және Қазығұрт ауданындағы Тұрбат, Қақпақ, Қаржан, Жаңабазар елдімекендерін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қосатын жолдарға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Одан бөлек, Ордабасы ауданындағы Бадам, Шұбар, Қайнар, Ұялыжар, елді мекендерін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізімен жалғайтын 53,4 шақырым жолдарда асфальт жабындылары жаңартылуда.
Айта кетсек, облыс бойынша жол саласында 30 шақты мекеме қызмет атқарады. Өз жұмысын аяқтап үлгерген мекемелерді қоспағанда қазіргі таңда 10 мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «ӨМІРДІ СҮЙ» МӘДЕНИ-ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.