ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «АСА МАҢЫЗДЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ» — Төрттаған
Воскресенье, 9 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «АСА МАҢЫЗДЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ»

15.09.2022
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «АСА МАҢЫЗДЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ»

Түркістан өңіріндегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін биыл 92% -ға арттыру жоспарланған. Айта кетейік, 2018 жылы бұл көрсеткіш 72 %-ды құраған. Жалпы облыста сапалы жолдардың үлесін 2025 жылға дейін 99,5%-ға жеткізу жоспарлануда.
Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта бекітіліп, жаңадан құрылған облыс орталығында көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Соның аясында «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолының 70 шақырымын қайта құру көзделген. Құрылыс барысымен танысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмысшылармен кездесті. Өзекті мәселелерді пысықтады.
Облыс әкімі басымды бағыт — аса маңызды жолдарда болатынын айтты. Негізгі, ең қажетті деген автожолдардың тізімін дайындауды жүктеп, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
— Автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарында аса маңызды бағыттағы жолдардың құрылысына басымдық беріледі. Осы қағиданы ұстану керек. Республикалық, облыстық , аудандық және ауылішілік маңызы бар жолдар, яғни, барлық деңгейдегі маңызы бар, уақыт күттірмейтін автожолдардың тізімін дайындау қажет. Көптен жөндеу көрмеген күре жолдар да жоспардан тыс қалмауы тиіс. Жолдардың құрылыс сапасы – басты назарда. Жолды салу да, жөндеу де бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі керек. Бұл талаптарды сақтамандарға шара көріледі, — деді Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды.
Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 509,5 шақырымды құрайды. Биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 53 млрд. теңге бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 767 нысан немесе 2 мың шақырымға жуық жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 703 нысан немесе 1467,3 шақырым жол мен көше пайдалануға тапсырылады деп көзделген.
Құрылыс, жөндеу жұмыстарына Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен тұрақты түрде сапаны бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.

 

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

Число казахстанцев, регулярно формирующих свои пенсионные накопления, растет

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТУРКЕСТАН: В АРЫСИ ОТКРЫЛАСЬ ЕЩЕ ОДНА НОВАЯ МАСТЕРСКАЯ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ПРИОРИТЕТ ОТДАЕТСЯ СТРОИТЕЛЬСТВУ ОСОБО ВАЖНЫХ НАПРАВЛЕНИЙ»

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

07.08.2026
2
Жаңалықтар

Число казахстанцев, регулярно формирующих свои пенсионные накопления, растет

07.08.2026
2
Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

07.08.2026
2
Жаңалықтар

Пенсионные накопления под вашим контролем: расширяются инвестиционные возможности вкладчиков ЕНПФ

07.08.2026
2
Жаңалықтар

БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

07.08.2026
3
Жаңалықтар

Более 98% услуг, оказанных ЕНПФ населению с начала года, проведено в цифровом формате

07.08.2026
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.