«SHYMKENT TOWER» САУДА-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРМЕК — Төрттаған
Пятница, 7 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«SHYMKENT TOWER» САУДА-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРМЕК

Қала әкімі М.Әйтенов Қонаев даңғылы бойында бой тіктейтін «Shymkent Tower» сауда-іскерлік орталығының құрылысының басталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

26.09.2022
Жаңалықтар
0
«SHYMKENT TOWER» САУДА-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРМЕК

READ ALSO

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

Қала әкімі М.Әйтенов Қонаев даңғылы бойында бой тіктейтін «Shymkent Tower» сауда-іскерлік орталығының құрылысының басталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.
Бұл жобаның негізгі инвесторы “САУТС-Ойл” компаниясы, ал құрылысын салушы бас мердігер «Koç Construction».
 
“Алдағы 5 жыл ішінде қалаға 5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту міндетін қойдық. Ал бүгін Шымкент қаласы үшін бірегей жоба бастау алады. Бастамаға сәттілік тілеймін. Жалпы қазіргі кезде мегаполисте тұрғын үйге деген сұраныс артқан, агломерациясы дамыған шаһарымызға келушілер мен үй алып қоюға ниеттілер көбейген. Сондықтан кәсіпкерлерді Шымкентке инвестиция салуға шақырамын,”-деді шаһар басшысы М.Әйтенов.
С.Сейтжанов жаңа нысанның салынуы — экономика мен қала көркіне көрік қосатынына сенім білдіре келе, «Бүгінгі шараға арнайы келіп қатысқаныңыз үшін алғыс білдіремін, құрметті Мұрат Дүйсенбекұлы! Осы күнге дейін әкімдікпен тығыз жұмыс істеп келеміз, алдағы уақытта да қаламыздың дамуы жолында бірге көптеген жобаларды жүзеге асыратын боламыз»,-деді.
Ал «Koç Construction» — халықаралық құрылыс саласындағы тәжірибелі компания. Жарты ғасырлық тарихы бар. 1959 жылдан бері 3 материкте құрылыс салып, әлемнің 9 елінде ірі-ірі жобалардың жүзеге асуына атсалысқан.
Солардың бірі — көрші Өзбекстан елінің ең маңызды жобасы саналған “Ташкент Сити” құрылысының негізгі басым бөлігін жүргізіп, қазіргі таңда 3,5 млн2 м шамасындағы нысанның құрылысын салуда. Сонымен қоса «Hilton» қонақ үйінің құрылысын да аталмыш компания жүргізген. Бұдан басқа да жетістіктерін айтып өткен компания директоры Омер Сарикоч “Орта Азиядағы аумағы ең үлкен болып табылатын бауырлас еліміз — Қазақстанда алғашқы инвестициялауды миллионды қала — Шымкенттен бастағанымызға өте қуаныштымыз. Бұл ғимарат прогрестің, дамудың, яғни алға қарай ұмтылудың негізгі символы болады. Шым шаһарға алдағы уақытта да басқа салалар бойынша инвестиция салуға дайынбыз”-деп атап өтті.
Жалпы Шымкент қаласы 2020 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемінің өсу көрсеткіші бойынша республикада екінші орында болған болса, 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан өңірлерінің рейтингісінде тұрақты түрде көш бастап келеді.
Айтып өтейік, «Shymkent Tower» сауда-іскерлік орталығын салу барысында 200 тұрақты және 1250 уақытша жұмыс орны ашылмақ.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ШЫМКЕНТТЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТАРИХИ ТҮРКІСТАН» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
10
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
8
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
9
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
369
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
224
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
177
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.