ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТҮРКІСТАНДА СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ» — Төрттаған
Среда, 29 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТҮРКІСТАНДА СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ»

16.09.2022
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТҮРКІСТАНДА СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ»

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Елімізде су спорты түрлерін дамытып, Түркістан қаласында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізу үшін салынған Орта Азияда баламасы жоқ спорттық кешендері бар ескек есу каналы құрылысының екінші кезеңі басталды. Облыс орталығында бой көтерген заманауи спорт нысандарының құрылыс барысымен танысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды спорт саласын дамытуға күш салынатынын және бұл бағытта өңірге дарынды спортшыларды тартудың маңыздылығын айтты. Жауапты сала басшыларымен кездесіп, құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аударуды тапсырды.
— Мұндай заманауи спорт кешендері елімізде көп емес. Біз халықаралық ескек есу каналының мүмкіндігін толық пайдаланып, жастарды спортқа баулуымыз керек. Спорт — ел абыройын асқақтату тетігі ғана емес, ол — денсаулық кепілі. Өңірде спорт саласын дамытуға барлық жағдай жасалады, — деді Д. Сатыбалды.
Олимпиадалық орталық сәулеттік көркімен ғана емес, қаланы көгалдандырып, туризмді дамытуға және өңірдің атмосферасын өзгертуге де мүмкіндік береді. Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында салынған жоба 100 гектарға жуық алаңда орналаласқан. Ұзындығы 2,5 шақырымға созылатын су арнасына 2 млн. текше метр су жиналды. Су тазартқыш құрылғылар қойылған.
Спорт кешен құрылысының екінші кезеңінде мұнда әкімшілік ғимараты, қонақүй, веложолақ, бассейн, қайық тұрақтары, жазғы кинотеатр, аралды қосатын көпір мен басқа да нысандар бой көтереді. Бұл жерде спортшылар жағажай волейболы мен футболы, ашық судағы жүзу, триатлон, желкенді спорт, ескек есу, каноэ сияқты спорт түрлерінен жаттығу жасайды. Су спорт кешені – ауқымды жоба.
Облыс әкімі қалалық саябақ ішінен салынып жатқан жасанды көлдің құрылыс алаңында болды. Демалыс аумағының жалпы ауданы — 13 га жуық. Келер жылы пайдалануға беріледі. Мұнда 4 ұңғыма арқылы су жиналады. Сан алуан түрі субұрқақтар орнатылып, айналасы абаттандырылады.
Жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың санын арттыру үшін Түркістан облысында жұмыстар жүргізілуде. Өңір басшысы Түркістанда салынып жатқан «Мұз сарайының» құрылысымен танысты. Әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Мұнда қысқы спорт түрлерінен үйірмелер ашылмақ.
Түркістанда салынып жатқан барлық ғимараттар қаланың көркі ғана емес, тарихи келбеті мен болмысын сақтай отырып, заманауи архитектураның озық жетістіктерін пайдалануда. Ғалымдар мен кәсіби мамандардың пікірі ескеріліп, тарихи келбетін жоғалтпауға басымдық берілуде. Түркістан қаласында сондай-ақ «Теннис орталығы», Олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасы, Б.Саттарханов спорт кешені, «Ат спорты кешені» секілді жаңа спорт нысандары ашылады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУДА ЕНГІЗІЛГЕН СЕРВИСТІК ТӘСІЛДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ КЕҢ ЕТЕК АЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЖИЫРМАСЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.