ТҮРКІСТАНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ — Төрттаған
Среда, 10 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

12.09.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

Түркістан қаласында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты мерекелік шара өтті. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шара ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Мерекелік шара әрмен қарай «Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жалғасты. Зиялы қауым өкілдері мен облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, шараға қатысушы құрметті қонақтар арнайы жасақталған көрмені тамашалады. Аталмыш көрме облысымызда қызмет атқаратын 11 этномәдени бірлестіктерінің тілі, мәдениеті, салт-дәстүріне байланысты ұйымдастырылған.
Салтанатты жиынды Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашып беріп, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің маңыздылығы мен еліміздегі жүзеге асырылып жатқан тіл саясатына, өңірімізде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Биыл тілдерді оқыту орталықтарында 3 мыңнан аса талапкер мемлекеттік тілді оқуда. Оның 500-ден астамы — өзге этнос өкілдері. Бүгінде этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде тыңдаушылар өз ана тілдері мен төл мәдениетін үйренуде. Олай болса, Қазақстанда тұратын әрбір этнос өкілінің мемлекеттік тілді білуге деген ұмтылысын арттыру – біздің міндетіміз. Ал, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге ынталы азаматтар үшін облыс аумағында тілдерді тегін оқытатын 17 орталық жұмыс жүргізуде, – деген басқарма басшысы облыстағы тіл жанашырлары мен осы салада еңбегі елеулі азаматтарға Тіл комитетінің Құрмет грамотасы мен алғыс хатын, облыстық мәдениет басқармасының алғыс хатын тапсырды. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, әрбір этнос өкілінің мемлекеттік тілді білуге деген ұмтылысын арттыру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында оның еңбектерін дәріптеу, кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жиын мерекелік концертке ұласты. Облыстағы өнер жұлдыздарымен қатар, түрлі этнос өкілдері өнер көрсетіп, қазақ тілінде өлең оқып, ән шырқады.
Еске сала кетейік, бұл мереке Алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін салушы ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты жыл сайын аталып өтіледі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ШАУҒАРДА ШАРУА ШАШ ЕТЕКТЕН

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

05.06.2026
3
Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

04.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

03.06.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.