Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан жүзу құрамасының өкілі Аделаида Пчелинцева чемпион атанды. Ол брасс әдісімен 50 метрге жүзуде қашықтықты 31,71 секундта бағындырды. Чемпион атанып қана қоймай, Исламиаданың рекордын орнатты.
Аделаида – Түркістан облысындағы су спорты түрлерінен ОРМБЖСМ-нің спортшысы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бапкерлері – И.Гусаков, С.Осниский, Ж.Шалдарбеков.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі