Конго Қырым қанды қызбасының эпидемиологиялық жағдайы өршіп кетуіне байланысты аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігерлері, мейірбикелермен кіші қызметкерлер арасында семинар кеңес өтті.
Медициналық жиында 114, 144 бұйрықтар бойынша КҚҚҚ мен ауырып келген науқастарға кутім жасау, «Маймыл шешегінің» анықтамасы, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, аурухана ішілік жұқпаның алдын алу бойынша сала мамандарына семинар сабағы оқылды.