Бүгін аудан әкімі Бағлан Батыршаев жеке қабылдауға жазылған бірқатар ауыл тұрғындарын қабылдады.
Жеке қабылдауға Бадам, Шұбар, Қажымұқан ауылдық округінен келген азаматтар тұрғылықты жерлеріндегі жол, тұрғын үйге қажетті жер телімі, атаулы әлеуметтік көмек, ағын су мәселесі бойынша өтініш-тілектерін айтып өтті.
Өз кезегінде аудан әкімі көмек сұрап келген азаматтарға заң аясында қолдау танытып, әкім орынбасарлары мен салалық бөлім басшыларына, ауыл әкімдеріне тұрғындардың мәселесін тез арада қарап, оңды шешіп беруді тапсырды.
Әрі жеке қабылдауда көтерілген мәселердің оңды шешім табуы мен орындалуын тікелей өз қадағалауына алатындығын жеткізді.
Естеріңізге салар болсақ, аудан әкімі Бағлан Дәнебекұлы ауданға қарасты 10 ауылдық округтерде өтіп жатқан (ІІІ тоқсандық) халықпен әр есепті кездесулерден соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың талап-тілектерін назарға алуда.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі