Осы орайда, Түркістан қаласы да жасыл экономикаға аяқ басып келеді.
Қазақстандағы «Шелл» концернінің қолдауымен Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күннен қуат алатын электр қондырғысы орнатылмақ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Solar for Schools жобасының жетекшілері мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрағасы Күләш Шамшидиновамен кездесіп, маңызды мәселені талқылады. Түркістан облысы әкімдігі жаңа жобаны жан-жақты қолдау әзір. Ол туралы Сәкен Қалқаманов баяндап, жоба жетекшілерімен тығыз байланыс орнатылатынын жеткізді.
«Eni» компаниясы және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы аясында қолға алған жоба аясында күн панелімен сыртқы жарықтандыру шамдары орнатылып, оқу сыныптарындағы жарықтандыру жүйесі жаңғыртылды. Арнайы жылу реттеу клапандары, энергия үнемдейтін құралдар, су құбырына есептегіштер, жарықдиодты шамдар, термореттегіштер орнатылды. Осы жобаның көмегімен 1900 оқушы білім алатын мектеп күн электр станциясының игілігін көріп жатыр.
Жалпы, мектепті жаңғырту жобасы шығындарды, энергия тұтынуды және көмірқышқыл газы мөлшерін қысқартады. «Жасыл» экономиканы дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға, ауаны тазартуға мүмкіндік береді. «Eni» мен БҰҰДБ осы жобаны үлгі ретінде ала отырып, елде қуат үнемдеу бағдарламаларын жалғастыруды көздеп отыр.
– 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптық мақсатына жету – Қазақстан үшін де, әлем елдері үшін де аса маңызды басымдық. БҰҰДБ энергетика секторындағы трансформация аясында ҚР Үкіметімен және барлық серіктестермен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті, – деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.
– Осы бастаманың арқасында мектеп көміртегі шығарындыларын азайтып, қуат үнемдеу мақсатына қол жеткізді. Қондырғының көмегімен энергия тұтынуын азайта алады, – деді «Eni»-дің Орталық Азия өңірі бойынша басшысы Лучано Васкес.