ҚР ІІМ-нің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту.
Аудан көлемінде ағымдағы жылдың 13-21 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» республикалық іс-шарасы өткізіледі.
Акцияның мақсаты: Азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, халықтың бұқара тобын отбасында әйелдермен балаларға қатысты зорлық- зомбылықты ескерту, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің өздерінің құқықтық білімін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты таныстыру.
Сондай-ақ, Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикалық туралы акция өткізу үшін аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдары, полиция органдары қызметкерлері, жергілікті аудан атқарушылар органдары, прокуратура, үкіметтік емес ұйымдар, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау бөлімі, және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып кәсіпорындарында, ұйымдарда және мекемекемелерде құқықтық түсіндіру жұмыстарын өткізу мақсатында ұтқыр консультативтік топтар құрып, белгіленген мерзімде жұмыстарды ұйымдастырылады.
Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз,таныстарыңыз Отбасылық зорлық-зомбылыққа дұшар болсаңыздар АЙТЫҢЫЗ!!!
Ордабасы АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ-ның инспекторы, полиция лейтенанты БЕКБАЕВА Гүлсін-+7 747 711 7320, АПБ 102 сенім телефонына хабарласуға болады. Сонымен қатар әр аймақ бойынша учаскелік полиция инспекторларының ұялы телефондарына байланысуға мүмкіндік бар.