Ордабасы ауданы, Қараспан ауыл округі, Төреарық ауылында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында әйелдерге құқықтық кеңестер, психологиялық және әлеуметтік көмек беру мақсатында, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Отбасына қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша есепте тұрған азаматтармен профилактикалық сұқбат жүргізілді.
Бұл іс-шараға Әлеуметтік психологиялық сүймелдеу қызметі секторы меңгерушісі А.Құрмашова мен психологы Б.Идрисова, және Ордабасы АПБ ның әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Г.Бекбаева жұмылдырылды.