Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігіне қарасты имамдардың қатысуымен өткен жиынға қатысты. Сонымен бірге жиында Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы С.Жаппарқұлов және қала, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары да болды.
Жиында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №97 бұйрығына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы облыс аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдарының рөлі жоғары екендігін жеткізді. Имамдар тарапынан өткізілетін жиындарда Қазақстанның ұлттық құндылықтарын дәріптеу, патриоттық сезім, атақты ғұламалардың дін мен дәстүрдің сабақтастығына байланысты қанатты сөздерін насихаттау арқылы халықтың деструктивті діни ағымдарға деген иммунитетін қалыптастыру қажет екенін атап өтті. Дін өкілдері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, Түркістанның рухани әлеуетін көтеру, ел бірлігін нығайту жолында жұмыла жұмыс істеу жөнінде уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі