Бүгін мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай көк туды желбіреткен автошеру өтті.
Аудан орталығы Темірландағы Орталық алаңнан басталған шеру Қарауыл төбеге дейін жалғасты.
Ауданымыздың ардагерлері, депуттары, зиялы қауым өкілдері мен жастар көк байрағымызды тік ұстап тарихи ескерткіш – Қарауыл төбе басына алып шықты.
Патриоттық шарада аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейтқұл мен аудандық Мәслихат хатшысы Қасымбай Әбдіхалық сөз алып, елдігіміздің белгісі саналған рәміздерді құрметтеу туралы өз ойларын ортаға салып, көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады.
Мерекелік шарада аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары рухты әндер орындап, мерекенің мәнін аша түсті.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі