Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған конституциялық реформаларды іске асыру үшін 5 маусымда бүкілхалықтық референдум өтетіні жарияланған болатын.
Осыған орай жалпы ұлттық референдум бойынша қоғамдық кеңес мүшелері Б.Сәдуақасов, Қ.Төлебев, Ж.Өтебаев Темірландағы Жастар сарайында Қажымұқан ауыл округі әкімі аппараты, аудандық орталық кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиынға қатысушыларға референдумның маңыздылығын түсіндіре отырып, еліміз үшін жауапты саяси кезеңде жерлестерімізді оқиғадан тыс қалмауға, референдумға қатысуға шақырды.
Саяси жүйесі зайырлы, өркениетті, демократиялы бағытта қалыптасқан мемлекетте өмір сүруді қалайтын әр қазақстандықтың осы ауқымды шарада өз үнін білдіруі маңызды.
Жиналысты қортындылап, Ата заңымыздағы өзгерістер мен толықтыруларды қолдап, ұсыныс- пікірлерін білдірді.
Гүлмира АРЫСТАНБЕК.