ТҮРКІСТАНҒА ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ КЕЛІП, ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭЛЕКТР КӨЗДЕРІН ДАМЫТУ БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ — Төрттаған
Пятница, 4 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНҒА ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ КЕЛІП, ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭЛЕКТР КӨЗДЕРІН ДАМЫТУ БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан облысында жаңартылатын қуат көздерін қолдану және энергия үнемдеу бағытындағы жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгін өңірге әлемге әйгілі компаниялардың басшылары мен өкілдері келіп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен осы саладағы әріптестікті талқылады. Атап айтсақ, кездесуге БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш, «Eni» компаниясының Орталық Азия өңірі бойынша басшысы, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясының басқарушы директоры Лучано Васкес, «Arm Wind» ЖШС басқарушы директоры Алекс Стиллавато және өзге де азаматтар қатысты.

19.05.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНҒА ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ КЕЛІП, ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭЛЕКТР КӨЗДЕРІН ДАМЫТУ БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында жаңартылатын қуат көздерін қолдану және энергия үнемдеу бағытындағы жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгін өңірге әлемге әйгілі компаниялардың басшылары мен өкілдері келіп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен осы саладағы әріптестікті талқылады.
Атап айтсақ, кездесуге БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш, «Eni» компаниясының Орталық Азия өңірі бойынша басшысы, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясының басқарушы директоры Лучано Васкес, «Arm Wind» ЖШС басқарушы директоры Алекс Стиллавато және өзге де азаматтар қатысты.
Облыс әкімі Түркістан өңірінде күн, жел және су электр станцияларын көбейту маңызды екеніне, жаңартылатын қуат көздері бойынша жобалар жүзеге асып жатқанын айтты.
– «Жасыл энергияны» енгізуге және Түркістан облысының әлеуметтік дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Өздеріңізге белгілі, жаңартылатын энергия көздері саласында Түркістан облысы айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие. Өңірде жалпы қуаты 220 МВт болатын 20-ға жуық жаңартылатын электр көздері нысаны жұмыс істейді. Облыс электр энергиясын импорттайтындықтан бұл салаға баса мән берудеміз. Аймақта қуаты 1000 МВт болатын электр станциясы салынып жатыр. Осы бағытта сіздермен әріптестікті нығайтып, бірлесе жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз, – деді Өмірзақ Шөкеев.
БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш Түркістанның жан-жақты дамып келе жатқанын айтып, «Жасыл экономикаға» көшу, жаңартылатын энергия көздері технологиясын молынан енгізу маңызды екенін жеткізді. Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе маңызды жобаларды қолға алғанын атап өтті.
– «Eni» компаниясы мен БҰҰ Қазақстандағы Даму бағдарламасы Түркістан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде жаңартылатын энергия көздері технологияларын енгізу жұмысын аяқтады. Бұл жоба – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгісі. Енді Ж.Тәшенов атындағы мектеп күн энергиясын тиімді пайдаланып, «жасыл энергияға» көшті. Алдағы уақытта тағы да басқа жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Ең бастысы – қоршаған ортаға зиянсыз энергия өндіру бағытына басымдық беріледі, – деді ол.
Кездесуде екі тарап әріптестікті нығайтып, қоршаған ортаға көмірқышқыл газын қысқартатын қуат көздерін кеңінен пайдалану технологиясын енгізу ісін жалғастыру жөнінде уағдаласты.
«Eni» компаниясы Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әсіресе мұнай мен газ саласында ауқымды үлесі бар. Компания Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі алғашқы жобасын 2020 жылғы наурыз айында Ақтөбе облысында қуаты 48 МВт жел электр стансасын салу арқылы бастады. Ол жыл сайын шамамен 195 ГВт/сағ электр қуатын өндіріп жатыр, осылайша CO2 шығарындыларын жылына 172 мың тонна көлемінде қысқартуға қол жетті. Қазір «Eni» Түркістан облысы, Шәуілдір ауылының қасында қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясының құрылысын жүргізіп жатыр
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕПКЕ КҮННЕН ҚУАТ АЛАТЫН ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫСЫ ОРНАТЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ordabasy: Жас кәсіпкер тұрғындарды референдумға қатысуға шақырады

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.