Түркістан облысының байдарка мен каноэда есуден ересектер құрамасы Қазақстан Республикасының чемпионатында ғаламат жетістікке жеткен соң жастар құрамасы да сынға түсті. Алматы төрінде Түркістан жастар құрамасы тамаша нәтижеге қол жеткізді.
Жарыс нәтижесінде Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспімдер спорт мектебінің өкілдері 12 алтын, 8 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді. Полат Төребеков, Ульяна Киселева, Антон Сергеев сынды жерлестердің әрбірі бірнеше алтын медаль жеңіп алғанын айта кеткен жөн.
Жарысқа еліміздің 13 аймағынан 139 спортшы қатысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі