Қала әкімі Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесуде елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті.
Қаратау ауданындағы Азат шағынауданында инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қолға алынған. Елді мекен ауыз су және электр жарығымен, табиғи газбен толық қамтылған. Қазіргі таңда табиғи газ бойынша абоненттеу жұмыстары атқарылуда.
Өткен жылы 2 көше асфальттанды. Биыл жалпы ұзындығы 2,8 шақырым 3 көшеге (№7, Аққанат, Ақжол) асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Шағынауданда 2021 жылы 1 көше (Ақбастау) жарықтандырылды. 2023 жылы 2, 2024 жылы 2 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Былтыр 2 спорт алаңша орнатылып, пайдалануға берілген еді.
Сонымен қатар, 2023 жылы 100 % сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар