Ордабасы аудандық «Тазасу»МКК қызметкерлері Шұбар ауылының ауыз су жүйесі тартылмаған көшелеріне диаметрі 50 метрлік құбыр желісін тарту жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, мекеме мамандары Қарақұм мен Төрткүл ауыл округіне қарасты Арыстанды елді мекенінде орналасқан ауыз су мұнарасының тесілген жерін дәнекерлеуде.
Қазіргі таңда жалпы аудандағы 57 елді мекеннің ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94 пайызға жетті.
Айта кетсек, 2021 жылы Ұлттық қордан, Республиқалық және облыстық бюджеттен 1 млрд. 520 млн теңге қаралып, (жалпы құны 9 млрд. 367 млн 573 мың теңге) 6 елді мекенде ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілді.
Оның ішінде, 5 елді мекеннің (Кемер, Нұра, Сарытоғай, Ақсары, Қызылсеңгір) құрылысы толығымен аяқталып, ауыл халқы таза ауыз сумен қамтылды.
Бүгінде жалпы құны 4 млрд. 732 млн теңгені құрайтын 4 елді мекенге (Шұбарсу 1-5 кезең, Қараспан (743 абонент), Бейсен (85 абонент), Мақташы(205 абонент)) қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталған.
Сонымен қатар, жалпы құны 738 млн теңгені құрайтын 3 нысанға (Аққойлы, Қарабастау, Сарыарық) «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қосымша қаржы қарастыру бойынша министрлікке ұсыныс хат жолданды.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі