Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан орталығы — Темірлан мен 10 ауылдық округтерге қарасты ауыл, елді мекендерде жалпыхалықтық сенбілік өтті.
Темірлан ауылындағы қоқыс полигон аумағы мен Батыс-Еуропа Батыс-Қытай автожолы жағалауы тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылды.
Сондай-ақ, ауылдардағы көше бойы, өзен жағасына тазалық жұмыстары жүргізіліп, тал-теректер ағартылып, қураған бұталар қырқылды.
Сенбілік шарасына ауылдың 300-ден астам белсенді тұрғыны қатысып, 20 шақты техниканың көмегімен 10 тоннадан астам күл-қоқыс арнайы полигондарға жеткізілді.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі