Бүгін аудан әкімі Бағлан Батыршаев бекітілген жұмыс кестесіне сай жеке қабылдауға жазылған аудан тұрғындарымен кездесті.
Аудан тұрғындары жеке қабылдау барысында тұрғын үйлік жер, медициналық көмек, жұмысқа орналасу, суармалы жерді заңдастыру мәселесін айтып, аудан басшысынан көмек сұрады.
Қажымұқан, Бадам, Бөген, Бөржар ауылдық округіне қарасты ауыл, елдімекендерден келген азаматтар жеке талап-тілектері бойынша аудан әкіміне өз сауалдарын ортаға салды.
Тұрғындарды мұқият тыңдаған Бағлан Дәнебекұлы әкім орынбасарлары мен ауыл әкімдері, құрылымдық бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, жеке қабылдауға жазылған азаматтардың өтініштерін уақытылы орындауды жүктеді.
Сондай-ақ, жеке қабылдау барысында аудан басшысы аудандық Орталық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиевке тапсырма беріп, денсаулық жағдайы бойынша медициналық көмекке мұқтаж тұрғынға барынша қолдау көрсету керектігін айтты.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі