Ордабасы ауданында су үнемдеу жүйелерін енгізу арқылы 2025 жылы 73 шаруашылық 1 595 гектар жерге тамшылатып және жабырлатып суғару әдістерін қолданды. — Төрттаған
Пятница, 1 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ордабасы ауданында су үнемдеу жүйелерін енгізу арқылы 2025 жылы 73 шаруашылық 1 595 гектар жерге тамшылатып және жабырлатып суғару әдістерін қолданды.

08.12.2025
Жаңалықтар
0

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды факторларының бірі – суармалы жерлерді тиімді пайдалану. Суармалы жерлер өнімділікті арттырып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсартуға, мол өнім алуға және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Аудандағы жалпы суармалы жер көлемі 34,4 мың гектарды құрайды. Суармалы жерлердің тиімді пайдалануы үшін әр жыл сайын күрделі және механикалық жұмыстар жүргізіледі. 2025 жылы көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терім науқанына 370 агроқұрылым төрағаларына 6,2 мың тонна жеңілдетілген жанармай бөлінді. Оның 4,3 мың тоннасы көктемгі дала жұмыстарына, 1,9 мың тоннасы күзгі жиын-терім жұмыстарға пайдаланылды.

READ ALSO

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және білім алуға 46,8 млн-нан аса АҚШ доллары бағытталды

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды

Сонымен қатар, егістік жерлерді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында 14,9 мың тонна органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылды. Бұл шаралар өнім көлемін арттыруға және топырақ құнарлылығын сақтау мақсатында жүргізілді.

Аудан шаруалары заманауи суармалы технологияларды белсенді пайдаланып келеді. Су үнемдеу жүйелерін енгізу арқылы 2025 жылы 73 шаруашылық 1 595 гектар жерге тамшылатып және жабырлатып суғару әдістерін қолданды. Мысалы, Жеңіс ауыл округінен «ПК Дала» АӨК 650 гектар жерге тамшылатып суғару тәсілімен мақта дақылын егіп, гектарына 45 центнер өнім жинады. Су үнемдеу технологиялары тек суды үнемдеп қана қоймай, мол және сапалы өнім алуға кепіл береді.

Сондай-ақ, аудандағы суармалы жерлерді жақсарту үшін каналдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 9,5 млрд теңге болатын 9 каналдың күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Жөндеуден кейін ЛБК және Р-11-С каналдары пайдалануға берілді, ал «Қараспан» магистралды каналы аяқталуға жақын. Бұл шаралар суармалы жерлердің тиімділігін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасын тұрақтандыруға бағытталған.

Ордабасы ауданының суармалы жерлерді дамытудағы кешенді шаралары ауыл шаруашылығын тұрақты қамтамасыз етуге, өнімділікті арттыруға және ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге үлес қосады.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ордабасы ауданында мал шаруашылығын қолдау бойынша мемлекет тарапынан субсидиялар мен жеңілдіктер қарастырылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

2025 жылы қайтарылған қаражат есебінен 29 жобаға жалпы 152,2 млн теңге қаржыландырылды.

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және білім алуға 46,8 млн-нан аса АҚШ доллары бағытталды

21.04.2026
12
Жаңалықтар

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды

21.04.2026
9
Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушылардың заңды өкілдеріне арналған нысаналы талаптар мен жинақтарға қатысты ақпарат

21.04.2026
8
Жаңалықтар

ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу

21.04.2026
12
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

21.04.2026
11
Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: 41,84 млн-нан аса АҚШ доллары тұрғын үй және білім алуға бағытталды

21.04.2026
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
460

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
393
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
290
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
217

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.