ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН! — Төрттаған
Среда, 21 октября, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
Қоғам
0
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

READ ALSO

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Выплаты пенсионных накоплений из ЕНПФ по графику: как рассчитываются и куда обращаться

Қоғамға қажетті кәсіптер бойынша мамандар даярлауда, орта буын білім беру ұйымдарына үлкен үміт артылатыны белгілі. Мемлекет басшысы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды тапсырды. Бұл ретте әкімдерге зор жауапкершілік жүктеліп, олар сұранысқа ие кадрлар даярлау үшін колледждерге бағыт-бағдар беруі қажет екенін айтты. Біздің басты байлығымыз – адам деп байыптаған «AMANAT» партиясы да, өмірін білім мен кәсіби қабілетін жетілдіруге арнауға дайын азаматтарды тәрбиелеп шығаруға жағдай жасауды саяси тұғырнамасында белгілеген.
Жастардың жоғары стандарт талаптарына сай сапалы білім алуы үшін жағдай жасауда 60 жылдық тарихы бар Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің оқу базасы жылдан-жылға жаңарып, жетілдіріліп келеді. Ынталы, ізденімпаз, жаңашыл жастардың қабілетін шыңдап, нағыз кәсіби маман етіп тәрбиелеп шығаруда барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Мұнда биылғы оқу жылында 1660 студент 11 мамандық бойынша білім алды. Соның ішінде 290 студент емтихандарын тапсырып, оқу орнын аяқтады. Бітіруші түлектердің ішінде 17 жас маман үздік диплом алуға лайықты деп танылды. Оқу орнынан қанаттанып ұшқан жас мамандарға диплом табыстау рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Эльмира Темірбаева қатысып, түлектерге сәтті өмір жолын тіледі.
Аудан әкімі оқу орнын үздік біріген түлектерге дипломдарын табыстап, өмірде бағындырған бастапқы өмір белесімен құттықтады. «- Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар мен жастарға арналған білім, кәсіпкерлік, медицина мен ауыл шаруашылығы салаларындағы мол мүмкіндіктердің шапағатына бөленіп жүрген сіздер өте бақытты жансыздар. Жарты ғасырдан астам тарихы бар қарашаңырақ білім ордасы талай таланттардың бағын ашып, білікті мамандарды түлетіп ұшырды. Ол азаматтар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етіп жүр. Сіздер де колледж қабырғасында алған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді еліміздің дамуы жолына жұмсайтындарыңызға сенемін!», — деді Серік Мамытов.
Атап өтуіміз қажет, «AMANAT» партиясының Жетісай аудандық филиалы аталмыш оқу орнымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Мемлекет басшысы қолға саяси реформалар мен партияның стратегиялық басымдықтарын іске асыруда колледждің оқытушылық құрамымен, студент жастарымен мақсатты кездесулер өткізіп, білім беру ісін жаңғырту, жасампаз еңбек қоғамын құру, елдің ішкі бірлігін арттыру, инклюзивті орта қалыптастыру, жаңа саяси мәдениетті орнықтыру, жастар саясатын іске асыру бағыттарында терең ықпалдастық байланыстар нығайып отыр.
«- Біздің білім ордамызға келіп, бітірушілерге диплом табыстау салтанатына қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Түлектеріміз де өздеріңіздей ел басқару ісіне араласып, жарқын болашақ үшін аянбай еңбек етеді деген сенімдіміз. Өйткені, біздің оқу ордамызда оқыту процесі тек білім берумен ғана шектелмейді, тәрбие, салт-дәстүр, салауатты өмір салтын ұстану секілді құндылықтармен ұштастырылады», — деп ризашылығын білдірген колледж директоры Лаззат Баймағанова оқу ордасына келген меймандарды шәкірттердің, білім ордасының жетістіктерімен таныстырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

20.10.2026
6
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Выплаты пенсионных накоплений из ЕНПФ по графику: как рассчитываются и куда обращаться

20.10.2026
10
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

От классического пенсионного аннуитета — к новым возможностям

20.10.2026
5
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

20.10.2026
4
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Инвестиционные портфели под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 сентября 2026 года

20.10.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

20.10.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
335
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
298
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
226

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.