ВАНДАЛИЗММЕН КҮРЕС ПЕН ТАРИХИ МҰРАНЫ САҚТАУ ЖАЙЫ САРАЛАНДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 29 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ВАНДАЛИЗММЕН КҮРЕС ПЕН ТАРИХИ МҰРАНЫ САҚТАУ ЖАЙЫ САРАЛАНДЫ

23.06.2025
Қоғам
0
ВАНДАЛИЗММЕН КҮРЕС ПЕН ТАРИХИ МҰРАНЫ САҚТАУ ЖАЙЫ САРАЛАНДЫ

READ ALSO

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ЫНТЫМАҚ-ТҮРКІСТАН» КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын барысында партияның Түркістан облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасындағы «Мәдениет» бағыты бойынша атқарылып жатқан және алда жүзеге асырылуы тиіс жұмыстар сараланды.
Кеңес отырысын партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева ашып, жиынның негізгі мақсаты мен өзектілігіне тоқталды. Ол өз сөзінде жастардың тарихи санасын қалыптастыру, киелі жерлерге деген құрметті арттыру мен мәдени мұраны сақтау – партия үшін маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді шешуде қоғам белсенділері мен жастардың шынайы атсалысуы қажет екенін тілге тиек етті. Отырысты одан әрі кеңес төрағасы Ханай Әшірбеков жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі басты тақырып Түркістан облысындағы қасиетті, тарихи-мәдени орындардың қазіргі жағдайы мен оларды қорғау мәселелері болды. Бұл жөнінде Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев жан-жақты баяндама жасап, облыс аумағындағы 1784 тарихи-мәдени мұра объектісінің ішінде 1 халықаралық, 40 республикалық маңызға ие ескерткіш бар екенін атап өтті.
Алайда, соңғы жылдары осы мұра нысандары түрлі вандалдық әрекеттерге ұшырап, тарихи құндылықтардың жойылу қаупі артып отырғанын жеткізді. Мысалы, Сауран ауданы Ескі Иқан ауылындағы «Иқан қалашығында» тұрғын тарапынан заңсыз құрылыс және қазба жұмыстары жүргізілуде. Бұл әрекеттерге байланысты тиісті органдарға хат жолданғанымен, мардымды жауап келмеген. Сонымен қатар, Отырар ауданындағы Қотан елді мекенінде де археологиялық қазбаларсыз жерді тегістеу жұмыстары орын алған. Аталған фактілер бойынша тиісті актілер түзілген және облыстық прокуратураға арыз жолданған.
Ержан Ибадуллаұлы сондай-ақ Сауран ауданының Яссы ауылдық округіндегі Шербай қорымында заңсыз қазба жұмыстары тіркелгенін атап өтіп, облыстағы қасиетті және маңызды орындарға өлкетану экспедицияларын өткізу, өңірдің киелі жерлерін абаттандыру жұмыстары бойынша кеңес мүшелерін ақпараттандырды.
Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан тарихи орындарды сақтау бойынша бірқатар сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, Ақбикеш мұнарасының ахуалы, Яссауи кесенесінде көрсетілетін ақылы қызмет сапасы мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі назарға алынды.
Кеңес төрағасы Ханай Асанұлы өз сөзінде киелі жерлердегі заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін арнайы жұмысшы топ құрып, елді мекендерді аралау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраға құрмет көрсету – ұлттың рухани қауіпсіздігін қорғау екенін баса айтты.
Жиын қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар жинақталып, олардың орындалуы партияның тұрақты бақылауында болатындығы айтылды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АРЫСТА «INTELLECT CUP» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2
ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ЫНТЫМАҚ-ТҮРКІСТАН» КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қоғам

ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ЫНТЫМАҚ-ТҮРКІСТАН» КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

27.06.2025
2
ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕНСАУЛЫҒЫ — ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА
Қоғам

ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕНСАУЛЫҒЫ — ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

27.06.2025
2
САРЫАҒАШТА «АДАЛ ЕҢБЕК» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қоғам

САРЫАҒАШТА «АДАЛ ЕҢБЕК» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

26.06.2025
2
Отбасы – бірлік пен берекенің бастауы!
Қоғам

Отбасы – бірлік пен берекенің бастауы!

26.06.2025
2
ТҮРКІСТАНДА «21 ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» ФОРУМЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «21 ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» ФОРУМЫ ӨТТІ

25.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
160

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.