Келесте жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жалғасуда  — Төрттаған
Четверг, 24 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Келесте жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жалғасуда 

28.01.2025
Қоғам
0
Келесте жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жалғасуда 

Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастарға қызмет көрсету» бөлімінің психологы Ошақты ауылдық округінің №53 Құркелес атындағы жалпы білім беретін мектебі қыздарының қатысуымен кездесу өткізілді.

«Жастарға қызмет көрсету» бөлімінің психолог-маманы Мадина Асанбайқызы жасөспірімдерге аутодеструктивті мінез-құлық, суицидтің, өз-өзіне қол жұмсаудың, жаман әдеттерге тәуелділіктің, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында әңгімелесіп, тиісті кеңестерін берді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Оқушы қыздар өздерін толғандырған қандайда бір сұрақтар бойынша, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратына келіп, психолог маманының жеке қабылдауына жазылуға болатынын айтып өтті.

Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандардан жауаптарын алды.

Адамзат баласының өз-өзіне қол жұмсауын ғылыми тілде «суицид» деп атайды. Суицид дегеніміз – бұл саналы түрде өмір сүруді тоқтату, яғни, осы тұрғыдан қарағанда өзіне-өзі қол жұмсау адамның мінез-құлық актісі болып табылады. Адам өмірінің ең басты құндылығы – тіршілік. Өмірге бір күннің ішінде мыңдаған адам келіп жатса, мыңдаған адам бақилық болып жатады. Көптеген адамдар талқаны таусылып, Жаратушы қалауымен өмірімен озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама? Әлемді алаңдатып отырған осы мәселе соңғы жылдары өршіп келеді. Қазіргі таңда әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өмірден өтетіндер саны көп екен. Олардың қатарында кәмелет жасына толмағандар да баршылық. Ауыр жағдайдың қайткенде алдын аламыз? Қазіргі таңда біздің қоғамдағы ең күрделі сауалдың бірі осы.

Суицидтің түрлері:

  • Біріншісі – шынайы суицид. Оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді.
  • Екінші түрі – демонстративті суицид. Өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбісі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді (мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі).
  • Үшінші түрі – жсырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді (мысалы нашақорлық, алкоголизм т.б).

Статистикалық мәліметке жүгінсек, өзіне-өзі қол жұмсағандардың 1/3 бөлігі маскүнемдік пен нашақорлық кеселінен, 2/3 бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады дейді мамандар.

Депрессия дегеніміз – бір сөзбен айтқанда торығу деген ұғымды білдіреді. Сонда суицид жағдайында жан үзетіндердің көбі торығудың торынан құтылудың жолы – өлім деп біліп, солай шешім қабылдайды деген сөз ғой. Қара түнектей қаптап келе жатқан бұл зұлмат мұсылман елдерін неге айналып өтеді? Өйткені, олар жан – Алланың адам баласына берген аманаты екенін, өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат екенін біледі. Сонымен қатар өзін-өзі өлтіру ауыр күнә екенін, ауыр күнә жасағандығы үшін тозақта азапқа тартылатынын да жақсы біледі. Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құранда: «Өз өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сендерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят) дейді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әл-Бұхариден жеткен хадисінде: «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады» — депті.

Қорытындылай келе өмірін өз қолымен қиған жастар қатары жыл санап артып келеді. Ал, оның алдын алу шаралары өз деңгейінде жүргізілмей жатыр. Айталық, суицидке қарсы ақпараттық-насихат жұмыстары. Теледидар арқылы оған қарсы жарнама немесе бейнероликтер қаншалықты көрсетіліп жатыр? Көрдіңіз бе? Бар мәселенің өзегі тәрбие екендігін әлем ғалымдары мойындап қойды бүгінде. Ал, қандай тәрбие? Бұл сұраққа да тұтыға жауап беретініміз де айқын. Өйткені, өз баласына күніне 15-ақ минут уақыт бөлетін ата-ананың балаға қандай тәрбие беруі мүмкін. Бұл жағдайда бала өзін-өзі тәрбиелейді. Шеше емес, көше тәрбиелейді. Арты өкінішті жағдайға соқтырып жатқанын айтудың өзі артық. Дін тұрғысынан берілген тәрбие баланың мұндай қадамдарға баруының алдын-алып қоймай, оны көркем мінезді, ақылды әрі қайбір сынаққа болсын сынып қалмай, көтере білетін тұлға қылып қалыптастырады. Өйкені, мұсылман елдерінде суицид жоқ. Деген мамандар, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жаман қылықтан бойын аулақ ұстауға үгіттеді.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫНА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗДАР!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қаржылық пирамидалар жеңіл әрі жылдам ақша табуды уәде етеді

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.