Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Отырар аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Яғни полицейлер қоғамдық орындарда және түрлі мекемелерде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары 2000-нан астам ақпараттық жаднама таратып, алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарға қырағы болуды ескертті.
Өз кезегінде полиция интернеттегі және әлеуметтік желілердегі күмәнді сілтемелерді ашпаңыз, алаяқтың кезекті құрбаны болмаңыз, ол үшін бейтаныс адамдарға жеке деректеріңізді жібермеңіз деп кеңес береді.