ҚАЗЫҒҰРТТА 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ — Төрттаған
Воскресенье, 27 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ

13.01.2025
Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТТА 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазығұрт ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектебінде аутодеструктивті мінез-құлықты, құқықбұзушылықты, нашақорлықтың алдын алу бойынша мектеп мұғалімдері мен 9-11 сыныптар арасындағы оқушылармен семинар-тренинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу. Оқушылардың өмірге деген көз қарастарын арттыру. Ұстаздарға осындай жағдай орын алған жағдайда білуі қажет әрекеттер. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға, балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қылмысына тосқауыл  қою жүйесін дамыту проблемасын шешуге, жасөспірімдермен жұмыс ұйымдастыру.
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен әдістемелік кабинет әдіскері Бекбавулова Эльмира, аудандық аурухана наркологы Ақжолқызы Әсем, Жастар орталығының психологы Каміл Аружан, Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметткер көрсету орталығы» КММ- нің «Отбасын қолдау» бөлімшесінің арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкері Әкімбай Ұлдананың қатысуларымен оқушылардың арасындағы ұйымшылдықты, ауызбіршілікті, қарым-қатынасты, мейірімділікті өздеріне деген сенімділікті арттыру мақсатында сергіту сәті мен тренингтер өткізілді.
Буллинг, кибербуллинг жайлы толық мағлұмат беру

  • Суицид жағдайына бейім тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктері
  • Мазасызданған баламен қалай әңгімелесу керектігі жайлы ұсыныстар
  • «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы»
  • Тәуекелді төмендетуге арналған кеңестер
  • Топтық жұмыс
  • Суицидтің алдын алу
  • Зорлық-зомбылықтың алдын алу
  • Булиинг, кибербуллингтің алдын алу
  • Тренинг

«Буллинг пен кибербуллинг» не екенін әр сынып жетекшісі оқушыларына түсіндіріп отыруы керек.
Егер де:
—  саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса;
—  сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
—   әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi     фотосуреттерді орналастырса
—  сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
—  саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
—   жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
—   сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.

Кез-келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін. Егер де баламен бұндай жағдай орын алып жатса, онда баланың кінәсі жоқ екендігін, дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақта,көмек сұраудан қорықпау керек екендігін түсіндіру. Бұл – әлсіздік емес.
Суицид жағдайына бейім тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктері:
Өзін өлтіру туралы табанды немесе қайталанған ойлар;
Жабығулы көңіл күй, асқа тәбеттің және өмірлік белсенділігінің жиі жоғалуы, ұйқысының қашуы;
Көп жағдайда есірткі немесе спирттік ішімдікке тәуелді болуы;
Оқшаулануы, өзін ешкімге керегі жоқ сезінуі;
Үмітсіздік, дәрменсіздік сезімі. Осы уақытта өзіне — өзі қол жұмсау тілегі алғашқы, күшті сезімі болуы мүмкін.
Еш үмітсіз сезімнен және өзін өлтіру туралы ойының әсерінен басқа адамдармен қарым — қатынас жасай білмеуі;
Мазасызданған баламен қалай әңгімелесу керектігі жайлы төмендегі  ұсыныстарды  басшылыққа алған жөн.
Бәсекеден және жылдамдықты есептейтін қандай да бір жұмыс түрлерін таңдамау қажет;
Баланы айналадағы адамдармен салыстырмаңыз;
Баланың есімін айту арқылы назарын аударту;
Сенімді жүріс-тұрыс үлгілерін көрсет, барлық жағдайда балаға үлгі бол;
Баланы тәрбиелеуде бірізді болу;
Балаға шама келгенше аз ескерту жасау;
Қажет жағдайда ғана жазалауды пайдалану;
Жазалану кезінде баланың абыройын түсірмеу;
Баланың өзін-өзі бағалауын жоғарылату, не үшін екенін білетіндей жиі мадақтаңыз;
Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
Күш көрсету зорлық-зомбылығы– дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
Психологиялық зорлық-зомбылық– адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды е өмірге, денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
Сексуалдық зорлық-зомбылық– адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
Экономикалық зорлық-зомбылық– адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
Тәуекелді төмендетуге арналған кеңестер
Балалармен әңгімелесу олардың хабардарлығын
арттыра алады және оларды болашақ проблемаларды  білуге және болдырмауға дайындайды.

  • балаңызға орынды және орынсыз мінез-құлық,  қауіпсіз және қауіпті жағдайлар туралы сөйлесу
  • егер біреу орынсыз әрекет етсе, не істеу керек және  қалай көмек алуға болады
  • балаңызбен ашық қарым-қатынасты ынталандыру, өйткені бұл ерекше бірдеңе болған жағдайда байқауды жеңілдетеді
  • өзіңіздің үйіңіз бен аулаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз және жас балаларды ешқашан жалғыз қалдырмайтындығыңыз үшін алдын-ала жоспарлаңыз әрқашан балаңыз сыртта болған кезде оның қай жерде екенін білу
  • Сіздің балаларыңызға қарайтын адамдармен, оның ішінде мұғалімдермен, бала күтушілермен және достарыңыздың ата-аналарымен қарым-қатынас орнату бірнеше жолмен көмектесе алады.
Кездесу соңында оқушылар өздерінің көңіл- күйлерімен бөлісіп, кері байланыс жасап, қорытындылады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Алаяқ интернет-дүкенді қалай анықтаймыз?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісай: «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында кездесу №25 мектепте жалғасты

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
5
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.