Жалған жаңалықтардың негізгі санаттары қандай? — Төрттаған
Пятница, 28 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған жаңалықтардың негізгі санаттары қандай?

12.02.2025
Қоғам
0
Фактчекинг: сеніңіз, бірақ тексеріңіз!

Зерттеушілердің пайымдауынша, жалған жаңалықтар төрт негізгі санатқа бөлінеді. Олар:

1-санат: Facebook пен әлеуметтік желілерде бөлісетін жалған, алдамшы немесе үнемі жалған ақпараттар тарататын вебсайттар. Бұл веб-сайттардың кейбіреулері әдейі жұрттың ашуын тудыратын «қисық ақпараттарды», контекстен жұлынып алған сөздерді тақырыпқа шығарып, коммент, лайк, репост, бөлісулер арқылы пайда табуды көздейді.

READ ALSO

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

2-санат: жаңылыстыратын және/ немесе қате ақпаратты таратуы мүмкін вебсайттар.

3-санат. Анда-санда тақырыпты «айқайлатып» қойып өзіне назар аудартуды көздейтін веб-сайттар.

4-санат: Сатиралық сайттар. Ондағы жарияланған ақпараттарды көшіріп басқан кезде шындық ретінде қабылдануы мүмкін. Қандай жағдайда да журналист кез-келген ақпаратпен жұмыс істеген кезде «екі шоқып, бір қарау» ұстанымына сүйенгені дұрыс.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 274-бабында «Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін» жауапкершіліктер қарасырылған. 2021 жылғы мәліметке сәйкес, елімізде жарты жылдың ішінде «көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін» 43 қылмыстық іс қозғалған. Оның жазасы – 1000 есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл немесе түзеу жұмыстары, болмаса 400 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға жегіледі.

Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде елімізде журналистикадағы жаңа түр – фактчектің қалыптасып, дамып келе жатқандығына көз жеткіздік. Қазақстандық медиа саласындағы фактчекинг «Factcheck. kz», «Stopfake.kz» сайттарымен ғана шектелмейді, көптеген БАҚ-тарда жалған ақпараттарды дер кезінде теріске шығаруға деген ұмтылыс бар екендігін байқадық. Қазақстан медиакеңістігіндегі жалған ақпараттармен күрес тәжірибесі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Журналистика сериясы ISSN:2616-7174, eISSN:2663-2500 52 № 2(143)/2023 Айдарлары әр түрлі аталуы мүмкін, бірақ мақсаты – бір.

Қазақстан БАҚ-тарында фактчекингтің қарқын алуы медиа кеңістікті жалған ақпараттардан тазартады, журналистердің кәсіби дәрежесін өсіреді, деректермен сауатты жұмыс істеуге үйретеді, аудиторияның медиасауаттылығын арттырады деуге толық негіз бар. Бұл орайда «Factcheck.kz» жобасының жұмыс тәжірибесі үлгі боларлық.

Жоғарыда аты аталған сайттардан бөлек, қазіргі ақпаратты сараптап пайдалану қажеттігі туған заманда әрбір журналист «фактчектік санамен» жұмыс істеу керектігі анық. Онсыз аяқ басқан сайын жалған ақпараттың құрбанына айналу мүмкіндігі зор. Жалған ақпараттардың бір жағымды жағы – сол тақырыпқа қатысты арнайы журналистік зерттеуге мұрындық болуы екен. Жалған ақпарат таралмаса, дәл сол күні, сол тақырыпқа журналистік зерттеу жасалуы екіталай.

Екі сайттың да жұмыс істегендеріне көп болмаса да, жалған ақпараттармен күресуде нақты нәтижелерге қол жеткізген, оқырмандары баршылық. Жалпы, кезкелген жалған ақпараттың зияндылығын нақты анықтап, өлшеп-бағалау мүмкін емес. Ол көбінесе адамдардың моральдық, психологиялық көңіл-күйіне әсер етеді. Оның зардаптары көзге көрінбейді, ұзақ жылдарға созылуы мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде жалған ақпараттармен күресуге бағытталған сайттардың тиімділігі мен пәрменділігі дәлелдеуді қажет етпейді.

Қорытынды. Жаңалықтардағы жалған ақпарат пен бұрмалаушылық адамдардың өміріне кері әсер етеді, ал қоғам мен экономиканың кез-келген саласы жалған ақпараттардан қорғалмаған. Жалған ақпараттың таралу ауқымын ескере отырып, фейкпен күресуде жедел әрі тиімді шешімдердің шұғыл қажеттілігі аса өзекті мәселе. Машиналық оқуға негізделген мәтіндерді жіктеудің қазіргі заманғы технологиялары жалған ақпараттармен күрес процесін жеделдетіп, ішінара автоматтандыру ісінде тиімділігін көрсетуде. Бірақ біржақтылыққа жол бермеу үшін жалған ақпаратты тексеруді бір ғана мамандандырылған орталыққа немесе тексеру алгоритміне жүктеп қоюға болмайды. Терең оқытуға негізделген ең күрделі жіктеу үлгілері де тек жасау сәтінде ғана оңтайлы болады, ал олардың дәлдігі уақыт өте келе жаңа фейктер пайда болып, жазу стилі өзгерген сайын төмендейді.

Медиакеңістікте таралған кез-келген жалған ақпараттарды тексеру қоғамның зерттеулерге деген сенімін сақтау үшін қажет. Жұртшылық зерттеулерден тек қана шындық ақпараттарды күтеді. Шындыққа негізделген зерттеулер жүргізу арқылы журналистер мен зерттеушілердің кәсіби деңгейі, оқырмандар мен көрермендердің талғамы артады. Осы орайда қазақстандық «Factcheck.kz», «Stopfake.kz» сайттары әзірге тұтынушылардың сұраныстары мен талаптілегіне жауап беріп отыр, кең қолданысқа ие. Болашақта әрбір БАҚ-тың, жекелеген журналистердің өз фактчекингінің болуы – заман талабы.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Полицейлер №7 колледж білім алушыларымен кездесу өткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тұрғындардың сенгіштік пен аңғалдығының салдары жапа шектіруі мүмкін

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

17.07.2026
13
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

17.07.2026
7
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

17.07.2026
13
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев превысил 2,8 трлн тенге

17.07.2026
7
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға  24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті     

17.07.2026
7
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Более 24,5 миллионов услуг оказал ЕНПФ вкладчикам с начала года  

17.07.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
222

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.