Интернет-алаяқтар балаларды қандай тәсілдермен алдайды? — Төрттаған
Среда, 8 апреля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Интернет-алаяқтар балаларды қандай тәсілдермен алдайды?

18.01.2025
Қоғам
0
Интернет-алаяқтар балаларды қандай тәсілдермен алдайды?

Қазақстанда интернет-алаяқтар балаларды алдау үшін ұтыс туралы өтініштер мен көмек сұрауларын пайдаланады.

Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет-алаяқтардың балаларды қандай тәсілдермен алдайтынын айтып берді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Алаяқтардың қолданатын онлайн-айлалары:

  • “Күтпеген ұтыс”: балаға электронды пошта немесе әлеуметтік желі арқылы ақшалай сыйлық немесе шетелге жолдама ұтып алғаны туралы хабарлама келуі мүмкін. “Ұтысты” алу үшін баладан сілтеме бойынша өту сұралады.
  • “Жалған көмек сұрау”: алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған көмек сұрауларын таратады. Мысалы, баланың танысының атынан емделуге немесе басқа мұқтаждықтарға ақша аударуды сұрап, жазба жариялайды немесе хабарлама жібереді.
  • “Уникалды қосымша”: алаяқтар балаға ерекше қосымша жүктеуді ұсына отырып, оған сілтеме жібереді. Олар ойындардағы көмек, тез байып кету тәсілі немесе кез келген адамның орналасқан жерін қадағалау мүмкіндігін уәде етеді. Бұл тыңшылық бағдарлама болып табылады, ол жеке деректерді жинайды, геолокацияны бақылайды және құрылғыдағы басқа қосымшаларға қол жеткізе алады.

— Алаяқтардан балаларды қорғау үшін оларға бейтаныс адамдарға өздері мен жақындары туралы ақпарат беруге болмайтынын түсіндіру керек. Балалар кез келген жағдайда ересектерге жүгіне алатынын және бұл үшін олардың жазаланбайтынын білулері маңызды, – деп кеңес береді агенттік.

Балаларды интернет алаяқтарынан қалай қорғауға болады?
Қаскөйлер өздерінің Желідегі профилін жиі баланың аккаунты ретінде жасырады.
Балаңыз өз құрдасыммен сөйлесіп жатырмын деп ойлауы мүмкін, бірақ шын мәнінде бұл алаяқ болып шығуы мүмкін. Мұндай виртуалды «достар» баланы ата-анасының төлем картасын суретке түсіріп жіберуге, телефонға жіберілетін SMS-кодты айтып беруге немесе зиянды қосымшаны жүктеуге көндіретін жағдайлар жиі кездеседі.
Балаңызбен диалог орнатыңыз, оның виртуалды достары туралы шынайы өмірдегі достары сияқты сөйлесіңіз. Балаға оның Интернетте жариялағанының бәрі жалпыға ортақ екенін және Дүниежүзілік ғаламторда сақталатынын, бұл деректерді кез келген адам пайдалана алатынын түсіндіріңіз. Балаңызға бейтаныс адамдарға, әсіресе Интернетте неге сенуге болмайтынын және қандай деректерді жария етпеу керектігін түсіндіріңіз.
Онлайн-алаяқтардың айласына балалар ғана емес, сенгіш ересектер де алданып қалуы мүмкін. Сондықтан қаржылық сауаттылығыңызды жүйелі түрде арттырыңыз, сонымен қатар балаңызбен жиі сөйлесіп, жеке деректерді, ақшаны ұрлаумен және сіз болмаған кезде туындауы мүмкін интернеттегі алдаудың басқа әдістерімен байланысты әртүрлі жағдайларды бірге қарастырыңыз.
Әрбір ата-ананың білуі тиіс Интернеттегі қауіпсіздік ережелері:
Балаңыздың Желіде өткізетін уақытын шектеңіз;
Балаңызға неге құпия сөзіңізді және басқа да жеке деректеріңізді ата-анаңыздан басқа ешкімге беруге болмайтынын, неліктен интернетте бейтаныс адамдарға сенбеу керектігін түсіндіріңіз;
Смартфонда да, басқа гаджеттерде де антивирусты пайдаланыңыз;
Балаңызға лицензиясыз қосымшаларды неге жүктей алмайтыныңызды айтыңыз;
Электрондық поштаға немесе мессенджерлерге жіберілген белгісіз қоса берілген файлдарды іске қоспаңыз;
Контентті сүзгіде өткізіңіз. Ол үшін ақысыз рекурсивті DNS-сервистерді пайдаланыңыз (мысалы: openDNS, yandex және т.б.);
Балаларыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз, сенімді қарым-қатынасты қолдап отырыңыз және балаларыңызды ерте жастан қаржылық сауаттылыққа үйретіңіз!

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржылық пирамида ғұмырының кезеңдері

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Суицид — тұтас қоғамның проблемасы

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
7
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ

10.03.2026
7
ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ

08.03.2026
4
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
455

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
392
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
331
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
285
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
216

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.