Қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды — Төрттаған
Понедельник, 21 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды

04.02.2025
Қоғам
0
АЙБАЙЛАҢЫЗ, ИНТЕРНЕТ- АЛАЯҚ!

Бүгінгі таңда кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды.

Атап айтсақ, ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлеріне интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады. Әсіресе, соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті күшейіп кетті. Мұндай алаяқтықтың құрбандары көбейген. Бұған дейін танымал тұлғалардың, әлеуметтік желі белсенділерінің жалған аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан ақша сұрау жиі кездесетін болса, енді алаяқтар қарапайым азаматтарға да көшкен. Негізі алаяқтық схемасы қарапайым.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Айталық, кез келген адамның әлеуметтік желідегі жалған аккаунты жасалады. Сол арқылы оның жақын туыстарына, достарына не өзге таныстарына хат жазу арқылы белгілі бір банк картасына ақша аудару сұралады. Мұндай деректер әсіресе Telegram мессенджерін пайдаланушылар арасында жиілеген. Аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Қуандық Темірғалидың айтуынша, қазір бәріміздің өмірімізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен виртуалды қызметтер мен өнімдерге қол жеткіземіз. Белгілі бір тауарларға сұраныс та артты. Әлеуметтік желілер мен түрлі интернет платформалар тек ақпарат алмасудың емес, сауда-саттықтың негізгі алаңына айналды.

Жаңа жыл – керемет әрі көңілді мереке, бірақ бұл алаяқтар үшін де «тиімді» мүмкіндік. Мереке қарсаңында кездесуі мүмкін жаңа алаяқтық схемаларды жинап, олардан қалай қорғану, жақындарыңызды қорғау және мерекелік көңіл-күйді сақтап қалу жолдарын жөнінде толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

Алаяқтар мереке қарсаңында адамдардың сақтықтан айырылып, уақытқа байланысты асығыс әрекет ететінін пайдаланады. Біз барлығын үлгергіміз келеді: сыйлықтар сатып алу, мерекелік дастархан дайындау, ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастыру. Барлығына уақыт жетпейтіндей көрінеді. Бірақ ақша мәселелерінде ешқашан асығуға болмайды. Сақ болыңыз – алдыңызда тұзақ та болуы мүмкін ғой?

Жалған Аяз ата мен Ақшақар қызметі

Көптеген ата-аналар балаларына сиқырлы мереке сыйлағысы келеді. Ал мұндайда Аяз ата мен Ақшақарсыз болмайды. Алаяқтар жыл сайын мереке қарсаңында интернетте, әсіресе әлеуметтік желілерде, аниматорлардың – көптен күткен қыстық мерекенің ертегідегі кейіпкерлерінің қызметі туралы жалған хабарландырулар жариялайды.

Оларға хабарласқан адамдардан алдын ала төлем талап етіліп, содан кейін байланыс үзілетін жағдайлар жиі кездеседі.

Тағы бір нұсқасы – «Аяз ата» мен «Ақшақар» келіп, мерекелік көңіл-күй мен адамдардың босаңсуын пайдаланып, үйді тонап кетуі мүмкін. Біреуі қонақтарды көңілдендіріп жатқанда, екіншісі құнды заттарды алып кетеді.

Кеңес: аниматор қызметін ұсынатын компанияның беделін әрдайым тексеріңіз. Сенімді ұйымдар суреттер, пікірлер мен қызметкерлердің деректерін жариялайды. Тіпті достар беретін ұсынымдарды да тексеріңіз, себебі компанияда ұжым ауысуы мүмкін немесе достарыңыз қызметті өзі қолданбай, тек естіген болуы ықтимал. Тексерілуі қиын күмәнді ресурстардан тапсырыс беруден аулақ болыңыз.

Жалған акциялар мен сайт-көшірмелер

Мереке қарсаңында дүкендердің көбі ауқымды жеңілдіктер мен акциялар туралы жариялайды. Бұл алаяқтар үшін тиімді мүмкіндік. Егер сақ болмасаңыз, фишинг сайттарға кіріп, дербес деректеріңіздің жария болу немесе құрылғыңыздың вирус жұқтыру қаупі бар.

Кеңес: онлайн-сатып алу жоспарланып отырған сайтты тексеріңіз; оң пікірлері бар сенімді платформаларды пайдаланыңыз; өте төмен бағалары бар ұсыныстарға сенбеңіз; жеке деректеріңізді енгізбеңіз – шынайы дүкендер ондай ақпаратты сұрамайды.

Жалған тауарларды сату

Өкінішке орай, тіпті ірі маркетплейстерге брендтік тауар ретінде арзан жалған өнімдерді сататын алаяқтар еніп кетуі мүмкін. Әрине, тауардың жалған екенін көрсететін Abibas немесе Christianin Dior сияқты атаулар жазылмайды – бәрі әлдеқайда күрделірек.

Кеңес: тек брендтің ресми өкілдерінен сатып алыңыз; тауардың таңбаларын арнайы қосымшалар арқылы тексеріңіз; тым төмен бағаларға сенбеңіз.

Құттықтау ашық хаттар

Тіпті мессенджердегі зиянсыз құттықтау хаттар да қауіп тудыруы мүмкін. Алаяқтар сіздің жақыныңыздың, мысалы, әжеңіздің аккаунтын бұзып, барлық таныстарын зерттеп, жалған құттықтау сілтемесімен хат жібереді. Мысалы: «Саған арналған жеке құттықтау, немерем, мына сілтемеде!». Сілтеме бойынша өтсеңіз, жеке деректеріңіз жоғалуы немесе сіздің гаджетіңізге құрылғы туралы барлық ақпаратты, жүктелген қосымшаларды және оларға құпиясөздерді оқитын вирус-шпион енуі мүмкін.

Кеңес: ешқашан күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз, тіпті оларды таныстарыңыз жіберсе де. Ашық хаттар сілтемелерсіз келеді. Күдікті «құттықтау» алсаңыз, оны жіберген адамға қоңырау шалып, бұзу әрекеті болуы мүмкін екенін ескертіңіз.

Жалған қайырымдылық

Мереке алдында адамдардың мейірімі оянып, басқаларға көмектескісі келеді. Мұны пайдаланған алаяқтар «балалардың армандарын орындау» үшін жалған қаражат жинауды ұйымдастырады. Өкінішке орай, сіздің ақшаңыз қылмыскерлердің қалтасына кетеді, ал балалар сыйлықсыз қалады.

Кеңес: тек беделді қайырымдылық қорларына көмектесіңіз. «Қоғамдық ұйымдардан» олардың балалар туралы әңгімесін растайтын құжаттарды сұрауға қысылмаңыз.

Мемлекеттік органдардан «сыйлықтар»

Бұл схема нақты аудиторияға – зейнеткерлерге бағытталған. Алаяқтар еріктілер немесе мемлекеттік органдардың өкілдері ретінде қарт адамдардың пәтеріне келеді. Арзан сыйлық әкелуі мүмкін, бірақ зейнеткерлердің сеніміне кіріп, оларды тонауы немесе үйдің жай-күйін қарап, кейіннен тонауға жағдай жасауы ықтимал.

Сондай-ақ, алаяқтар егде жастағы адамдарға қоңырау шалып, ХҚКО, әкімдік немесе коммуналдық қызмет өкілдері ретінде өзін таныстырып, «сыйлық» ұсынуы мүмкін. Сол арқылы құпия ақпаратты алдап алып, телефонға алаяқтарға құрылғыға қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін беретін қосымша жүктеуге мәжбүрлейді.

Кеңес: егде жастағы туыстарыңызға қауіпсіздік туралы түсіндіріп, бөтен адамдарға есік ашпауын және олардың сөзіне сенбеуін өтініңіз. Егер мемлекеттік орган атынан қоңырау түссе, бұл туралы сізге айтып, ақпаратты тексеруге кеңес беріңіз.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Лицензиясыз қызмет көрсету — алаяқтықтың ең кең таралған түрі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне орай жиын өтті

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.