Жалған хабарландырулар — Төрттаған
Понедельник, 21 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған хабарландырулар

02.02.2025
Қоғам
0
САҚ БОЛЫҢЫЗ! ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚ!

Жаңа жылдық мерекелерден кейін, сыйлықтар, жеңілдіктер және акциялар туралы ойлармен жүргенде, көптеген сатып алушылар танымал маркетплейстерде сақтықты естен шығарып алады. Мұны алаяқтар бірден  пайдаланып, жаппай мерекелік онлайн-сатып алулар кезінде белсенділігін арттыра түседі. Қаскүнемдер сенгіш азаматтарды алдау үшін барған сайын айлакерлік схемаларды ойлап табуда.

Тиімді сауда жасадым деп қуанудың орнына, сіз ақшасыз және тауарсыз қалу қаупіне ұшырайсыз. Ол жөнінде толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, биыл елде 22 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Оның шамамен 34%-ы жалған тауарлар мен қызметтер туралы хабарландырулар, жалған сайттар және жалған сатушылармен байланысты жағдайларды құрайды.

Жалған хабарландырулар

Алаяқтар қымбат тауарды – мысалы, смартфон немесе ноутбукты – өте тиімді бағамен сату туралы хабарландыру орналастырады. Олар алдын ала төлем талап етіп (көбінесе танымал емес немесе шетелдік төлем жүйелерін қолдана отырып), ақшаны алғаннан кейін жоқ болып кетеді. Тағы бір мысал –көлікке «бронь қою» үшін кепілақы енгізуді талап етумен  автокөлік сатылымы туралы хабарландырулар.

Естеріңізде болсын, ешқашан тауарды алғанға дейін бейтаныс сатушыларға ақша аудармаңыз. Сонымен қатар, жеткізілімді немесе ресми төлем шлюзін қамтамасыз ететін ұсынылып отырған платформаның (маркетплейстің) қауіпсіз төлем әдістерін пайдаланыңыз. Егер сізден жеке аударым талап етілсе (жеке тұлға-жеке тұлға), бірден олардың сізді пайдаланып ақша тапқысы келетін алаяқтар немесе жосықсыз сатушылар екенін түсініңіз.

Жалған тауарлар немесе дүкендер

Алаяқтар танымал тауарларды тым төмен бағамен ұсынатын дүкен жасайды. Клиент тапсырысты төлейді, бірақ не жалған тауар алады, не мүлдем ештеңе алмайды. Қазақстанда маркетплейстерде жиі түпнұсқа электроника ретінде оның арзан көшірмелері (қолдан жасалғандары) сатылады, олар сатып алушыларға кепілдіксіз немесе жарамсыз күйде жеткізіледі.

Өзіңізді қорғау үшін сатушы туралы пікірлерді әрқашан тексеріңіз. Егер дүкеннің пікірлері аз болса немесе олар біркелкі жазылған болса, ал баға басқалармен салыстырғанда әлдеқайда төмен болса, мұндай жағдайлар бірден күмән туғызары сөзсіз.

Жалған қайтарымдар мен шағымдар

Бұл алаяқтық түрі сатушыларға әсер етеді: алаяқтар тауарға тапсырыс беріп, содан кейін оны қайтарған болады, бірақ түпнұсқа тауардың орнына жалған зат салады немесе бос қорап жібереді. Тіпті қорапқа тастар салынған жағдайлар да тіркелген. Қалай болғанда да, сатушылар ақшасынан айырылады, ал платформалар көбінесе «сатып алушы» жағында болады.

Сондықтан да тауарды жібермей тұрып, алдымен оны суретке түсіріп, бейне түсірілім жасап алған жөн. Платформадағы сатушыны қорғаңыз және тауар нашар күйде қайтарылса, шағым жасаңыз. Ең бастысы – үндемей қалмаңыз және алаяқтыққа жол бермеңіз.

Зиянды сілтемелер арқылы деректерді жинау

Алаяқтар сатып алушылардың тауарды тезірек алу ниетін пайдаланып, маркетплейстің ресми беттері ретінде көрсетілетін фишингтік сілтемелер жібереді. Пайдаланушылар деректерін енгізеді және осылайша құрылғысын әртүрлі вирустардың енуіне жол береді, не фишингтік сайтта тіркеліп, өздері туралы құпия ақпарат қалдырады, оны алаяқтар одан әрі өз схемаларында пайдаланады.

Тағы бір нұсқа – белгілі интернет-дүкендерден «тапсырысты растау қажеттігі» туралы ескертулерге еліктейтін фишингтік хаттар.

Ақшаңыз бен жеке деректеріңізді жоғалтып алмас үшін, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және URL-мекенжайды мұқият тексеріңіз: ол маркетплейстің ресми доменіне сәйкес келуі және https-тен басталуы керек.

Жалған курьерлер мен жалған жеткізу қызметтері

Мұнда алаяқтар өздерін курьерлер немесе жеткізу қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып, жеткізу үшін алдын ала төлем сұрайды, бірақ оған қол жеткізілмейді. Кейде қаскүнемдер сізге қосымша ақыға «жедел жеткізу» қызметін ұсынады, әрине ол кейіннен өтірік болып шығады.

Маркетплейс ұсынған ресми жеткізу қызметтерін ғана пайдаланыңыз және жеткізу төлемін ешқашан  курьерге төлемеңіз. Сондай-ақ, егер тапсырыс бермегеніңізге сенімді болсаңыз, курьерлерге SMS-кодты айтпаңыз.

Жалған ұтыстар мен жеңілдіктер

Барлығымыз жеңілдіктер мен акцияларды жақсы көреміз, мұны алаяқтар жиі пайдаланады. Пайдаланушыларға үлкен жеңілдік немесе тауар ұтып алғаны (сыйлық) туралы хабарлама келеді. Сыйлық алу үшін олар «жеткізу» немесе «салық» үшін төлем жасауды сұрайды.

Ұтыс туралы ақпаратты әрдайым маркетплейстердің ресми сайттарынан тексеріңіз. Сондай-ақ, белгісіз нөмірлерден немесе email мекенжайларынан  келген хабарламаларға сенбеңіз.

Бөгде қосымшалар арқылы төлем жасау

Сіз маркетплейстен тауарға тапсырыс бергеніңізді ұмытпаңыз, ал «сатушы» сізді тауарды бөгде төлем жүйелері арқылы төлеуге көндіруге тырысады ма? Сізге бұл жағдайда алаяқтың хабарласып тұрғанын белгілі. Қаскүнемдер әдетте мессенджерлер арқылы немесе ақшаны тікелей аударуды сұрайды, ал ақша аударылғаннан кейін, әрине, олар бірден жоқ болып кетеді.

Есте сақтаңыз: тауарды тек қорғалған төлем жүйелері арқылы төлеңіз – бейтаныс адамдарға тікелей ақша жібермеңіз. Ресми дүкендер мен сатушылар мұндайға ешқашан жол бермейді, себебі олар өз беделін жоғалтқылары келмейді.

Қауіпсіздік бойынша тағы да аздаған ұсыныстар:

дүкендер рейтингін және сатушылар туралы пікірлерді қарап, тексеріп шығыңыз;

шамадан тыс тиімді ұсыныстарға сенбеңіз;

хат-хабарларды және түбіртектерді сақтаңыз – бұл талқылаулар кезінде көмектеседі;

хабарламалар мен хаттарға мұқият болыңыз: ресми ұйымдар ешқашан бейтаныс шоттарға ақша аударуды сұрамайды.

Осы кеңестерді ұстанып, әрбір қадамыңызды тексеру арқылы жағымсыз жағдайлардан аулақ болып, қаржыларыңызды қорғай аласыз!

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Алаяқтар жыл сайын миллиондаған теңге жымқыруда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жастармен жұмыс: семинарлар мен тренингтердің маңыздылығы

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.