Ақшаңыз қате аударылған жағдайда кезде не істеу керек? — Төрттаған
Среда, 9 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ақшаңыз қате аударылған жағдайда кезде не істеу керек?

18.02.2025
Қоғам
0
Ақшаңыз қате аударылған жағдайда кезде не істеу керек?

Ақшаны қате аудару –  бұл кез-келген адаммен болуы ықтимал жағымсыз жағдай. Кейде бұл шоттың нөмірін немесе телефон нөмірін қате теру, ал кейде ақшаны басқа адамға аударып жіберетін кездер болады. Қалай болғанда да, ақшаны қайтару, әсіресе, ақшаны алған адам  байланысқа шыққысы  келмеген жағдайда қиынға соғуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда не істеу керек, ақшаны қайтарудың қандай жолдары бар және болашақта мұндай қателіктер жібермеудің жолдары жөнінде толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Қате ақша аударымы — бұл ақша жіберуші абайсызда немесе техникалық қателіктердің салдарынан ақшаны басқа алушыға аударатын жағдай. Мұндай жағдайлар картаның немесе телефон нөмірін дұрыс енгізбеген кезде болуы мүмкін; жылдам төлемдер жүйесінде (ЖТЖ) басқа пайдаланушыға ақша жіберу; банктік қосымша арқылы аудару кезіндегі қате; жүйедегі іркілістің себебінен бір соманы екі рет аудару және өзгертілген немесе ескірген деректемелер бойынша аударым жасау.

Бұл ретте, қате жасалған аударымдардың барлығын сол сәтте болдырмау мүмкін еместігін түсіну қажет. Егер ақшаңыз алушының шотына аударылып кетсе, оны қайтару процесі қиынға соғады.

Егер сіз ақшаны қателесіп аударып жіберсеңіз не істеу керек?

1-қадам. Дереу банкпен байланысыңыз. Егер сіз аударым жасағаннан кейін қателескеніңізді бірден білсеңіз, дереу өз банкіңізбен байланысыңыз. Кейбір жағдайларда, әсіресе, егер аударым әлі өңделіп үлгермесе, банк транзакцияны болдырмауы мүмкін.

Банкпен қалай тезірек байланысуға болады? Мобильді қосымшадағы чатты пайдаланыңыз немесе қолдау қызметіне жедел түрде қоңырау шалыңыз.

Егер ақша сіздің шотыңыздан алынып, басқа шотқа аударылса, онда басқа шешім талап етіледі.

2-қадам. Алушымен байланысуға тырысыңыз. Егер сіз ақшаны кездейсоқ басқа адамға жіберген болсаңыз, оның байланыс деректерін табуға тырысыңыз (мысалы, мобильді банк немесе төлем тарихы арқылы) және тікелей хабарласыңыз. Жағдайды сыпайы түрде түсіндіріп, қаражатты қайтаруды сұраңыз.

Алушы жауап бермесе не істеу керек? Клиенттермен байланыс жасау туралы өтінішпен банктің қолдау қызметіне жазуға болады.

3-қадам. Алушының банкіне хабарласыңыз. Егер тікелей байланыс мүмкін болмаса, ақша жіберілген банкке хабарласыңыз. Қате аударымды  қайтару туралы өтініш жазыңыз. Бұл жағдайда банк алушыны сұрау салу туралы хабардар ете алады және ақшаны өз еркімен қайтаруды ұсына алады.

Қандай деректер қажет болады? Аударым күні мен уақыты, сомасы, ақша жіберілген шот немесе карта нөмірі және қатенің сипаттамасы.

Егер алушы ақшаны қайтарудан бас тартса, онда ақшаны өндіріп алу туралы талап-арыз беруге болады, себебі қолданыстағы заңнамада, ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес бұл әрекет «негізсіз байыту» ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, сіз ҚР Ұлттық Банкінің қолданыстағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша ақшаңызды пайдаланғаны үшін сыйақы өндіріп ала аласыз. Ол үшін алушы сотқа дейінгі өтінішті жіберуі, ақша аударымын растауы (банктен үзінді көшірме) және сотқа арыз беруі қажет.

Сот көп жағдайда ақшаны қайтаруға міндеттейді, бірақ бұл процесс бірнеше айға созылуы мүмкін.

Егер сізге ақша қателесіп түссе ше?

Кейде жағдай керісінше дамиды — сізге күтпеген жерден ақша келіп түседі. Бұл қаражат сіздікі емес екенін және оларды пайдалану заңды салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіну маңызды.

Қалай дұрыс істеу керек? Банкке хабарласыңыз және белгісіз қаражаттың аударылғаны туралы хабарлаңыз. Сондай-ақ, бұл ақшаны жұмсамауға тырысыңыз, банктің ресми өтінішін күтіңіз – егер жіберуші қайтару туралы өтініш білдірсе, қаражат сіздің қатысуыңызсыз есептен шығарылуы мүмкін.

Егер ақшаны алаяқ жіберген болса

Алаяқтар көбінесе ақшаны әдейі аз мөлшерде жібереді, содан кейін оларды басқа шотқа қайтаруды талап етеді. Бұл ақшаны жылыстату, сізді «қаржылық схемаға қатысушы» мәртебесіне ауыстыру немесе жеке деректеріңізді сұрау әрекеті болуы мүмкін.

Сақ болыңыз! «Қате аударымдары» бар схемаларды көп жағдайда дропперлер пайдаланады. Егер сіз оларға көмектесіп, ақшаны олар көрсеткен шотқа аударсаңыз, олар сізге «мазалағаны үшін» деп, қаражаттың бір бөлігін қалдыруды ұсынуы мүмкін. Алайда, кейіннен зардап шеккен адам сізден барлық соманы азаматтық тәртіппен өндіріп алуы мүмкін.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Заң мен тәртіп қағидасы аясында суицидтің алдын алу бойынша кездесу өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ — ЕЛ БОЛАШАҒЫ»

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.