Желідегі бейтаныс адам алаяқ болып шығуы мүмкін! — Төрттаған
Пятница, 11 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Желідегі бейтаныс адам алаяқ болып шығуы мүмкін!

09.02.2025
Жаңалықтар
0

Алаяқтықтың алдын алу — бүгінгі таңда барлығымыз үшін өзекті мәселе. Әсіресе интернеттің дамуымен алаяқтар санының артуы дабыл қағуда. Қазақстанда әр күн сайын алаяқтардан зардап шегетін адамдардың саны артуда, сондықтан алаяқтықтан сақтану үшін әрбір азаматтың хабардар болуы өте маңызды. Осы жобада алаяқтықтан қорғаудың маңызды шаралары, сонымен қатар алаяқтардың тактикасы мен методологиясы қарастырылады. Жоба барысында мынадай аспектілер зерттеледі: жеке ақпаратты қорғау, күмән тудыратын ақпараттарға жауап бермеу, интернет-ресурстардың сенімділігін тексеру және құқық қорғау органдарына хабарласудың маңыздылығы. Нәтижесінде, азаматтарды алаяқтардан қорғау үшін пайдалы ақпараттарымен бөлісетін буклет әзірленеді.

Алаяқтарға алданып қалмау үшін, ең біріншіден, тауар алатын сайт жалған емес пе, соны анықтап алуға тырысу қажет.

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Қазіргі таңда облыс аумағында орын алып жататын көптеген құқық бұзушылықтың басым бөлігін алаяқтық құрайды. Соның ішінде, ғаламтор (интернет) арқылы жасалатын қылмыстар белең алып барады.

Елімізде соңғы жылдары интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстардың саны күрт өсуде. Осы орайда Түркістан облыстық полиция департаменті тарапынан арнайы «CyberPol» тобы құрылған.

«Статистикаға сәйкес, 2024 жылдың 10 айының қорытындысымен облыс көлемінде интернет-алаяқтық бойынша 454 іс тіркелсе, оның 196 – сы сотқа жолданған. Аталған саладағы қылмыстардың ашылу пайызы – 44,5%. Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап ІІМ-де интернет-алаяқтықпен күресті тиімді жүргізу мақсатында киберқылмысқа қарсы күрес департаменті құрылды. Алдағы уақытта біздің өңірде осындай дербес басқарманы ашу бойынша жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, арнайы мақсаттағы топтың әлеуметтік желілерде парақшалары ашылды. Бұдан былай алаяқтардың құрбанына айналған азаматтар әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға анонимді түрде өз арыз-тілектерін жолдай алатын болады»-дейді Түркістан облысы Полиция департаменті өкілі.

Мұның барлығы зардаап шегуші азаматтарынан келіп түскен арыз-шағымдар негізінде көтерілген қылмыстық істер арқылы мәлім болып отыр. Ал құқық қорғау органына шағымданбай, жабулы қазан жабулы күйінде қалып жатқаны қаншама?!

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Түркістан облысының департаменті облыс тұрғындарына бейтаныс адамға банк карталарының деректері мен жеке басын куәландыратын мәліметтерді бермеуге, ғаламтор арқылы қандайда бір зат сатып аларда алдын ала төлем жасамауға кеңес береді. Керісінше жағдайда, бұл ғаламтордағы алаяқтықтың белең алуына түрткі болады. Өйткені «Адам аласы ішінде» дегендей, әлеуметтік арқылы жақын танысқан жанның кәдімгі алаяқ болып шығуы ғажап емес. Жыл басынан бері полиция бөліміне осындай алаяқтардың құрбанына айналып, зардап шеккен 10 азаматтың арыздануы — соның айғағы. Мұндай деректер әсіресе, www. kolesa.kz, www.olx.kz тәрізді сайттар мен «QIWI әмиян» («QIWI кошелек») секілді есеп айыру жүйесінен көптеп тіркеліп отыр.

Күні бүгін ғаламтордағы алаяқтықтың түрлері жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап, күн өткен сайын көбейіп барады. Бұл жерде желінің арғы жағында отырған қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи озық құралдардың көмегімен ғаламторға кіріп, онда отырған адамды алуан айламен құрығына түсіруге тырысады. Ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді түрлі құқық бұзушылық әрекеттерге барады. Ғаламторды торуылдайтын алаяқтар халықаралық деңгейде кеңінен таралған. Яғни, бір мемлекетте отырып, өзге бір елдің азаматтарын әбжыландай арбайды. Олар заманауи технологияны терең меңгерген, халықты алдау үшін тәжірибесі де жеткілікті. Елімізде көп кездесетін алаяқтық түрлеріне келсек, оларға: ғаламтор-дүкенге байланысты алаяқтық әрекеттер, телефон-алаяқтығы, SMS-алаяқтық және интернет-банкинг арқылы жасалатын қылмыстар жатады.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ЖАЛҒАН САТЫЛЫМДАР

Ғаламтор мен әлеуметтік желілерде әртүрлі заттарды, киім-кешек, телефон, басқа да тұрмыстық бұйымдарды арзан бағаға сатамыз және ақшасын еселеп көбейтіп береміз деп жарнамалаушылардан көз сүрінеді. Қазақта «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық», «Бәлен жерде алтын бар, барсам бақыр да жоқ» деген дана сөздер бар. Мұның барлығы бекерге айтылмаған. Жоғарыдағы ғаламтор арқылы сауда-саттық жасайтындардың барлығы бірдей шынайы саудагер емесі белгілі. Арасында «қой терісін жамылған қасқырлар», яғни алаяқтықпен айналысатын жандар да аз емес.

Мысалы, қазіргі уақытта сондай бір хабарламаның бірі «Қысқы тондарды арзан бағамен сатамыз» деп қызықтырады. Соған сенген ауданның бір тұрғыны әлгі «саудагердің» есеп-шотына 100 мың теңге аударып жіберген. Бірақ артынан санын соғып қалды. Міне, QIWI-әмиянмен жасалатын ғаламтор-алаяқтықтың түрі осындай.

Тексеру кезінде QIWI-әмияндардың көпшілігінің «телефон нөмірі» шетел азаматтарына тиесілі болып шығады. Әрине, жәбірленушіден арыз қабылданған соң, қылмыскерді іздестіру үшін полиция бөлімі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылады. Бірақ жергілікті жерде тұратын күдіктіге қарағанда шет мемлекеттегі алаяқты құрықтау көп уақыт пен еңбекті талап етеді.

Қазіргі таңда адамдардың көпшілігі кез келген затын, дүние-мүлкін сату үшін де арнайы сайттар мен инстаграмм парақшаларын қолданады. Алаяқтар оны да өз мақсаты үшін тиімді пайдаланып үлгереді. Қалай дейсіз бе? Айталық, бір тұрғын өзінің пәтерін сатуға шығарып, баспанасының суретімен бірге арнайы сайтқа жариялайды. Көп уақыт өтпей оған біреу хабарласып: «Маған сіздің пәтеріңіз ұнады. Сатып алайын деп едім», — дейді. «Жақсы, келіп көруіңізге болады», — дейді ойында ештеңе жоқ үй иесі. Бірақ телефонның арғы жағындағы дауыс: «Мен барғанша сатып жібермейсіз бе? Мен басқа қалада едім. Сізге барғанша 2-3 күн өтеді. Сондықтан сіздің төлем картаңызға ақшаның жартысын аударып жіберейін», — дейді. Клиенттің табыла кеткеніне қуанған сатушы да көп ойланбастан оған банк картасының нөмірін береді. Сәлден кейін қайта телефон шалған сатып алушы: «Мен сізге ақша аудардым. Қазір сізге бір хабарлама келуі тиіс. Сол хабарламадағы кодты маған айтып жіберсеңіз болды сізге ақша түседі», — дейді. Бұған қуанып кеткен үй иесі болса, келген кодты ойланбастан айта салады. Алаяққа керегі де сол. Өйткені осы код арқылы үйін саудалаған адамның есепшоты бойынша кез келген қаржылық операцияны жасай беруге болады.

Сондықтан құпия кодты ешкімге айтуға болмайды. Құпия сөзді біліп алған алаяқ ғаламтор арқылы жеке кабинетке кіріп, ақшаны басқа шотқа оңай аударып алады. Алаяқтардың қулығына құрық бойламайтын мұндай әрекеттерінен, әсіресе жасы егде кісілер мүлдем хабарсыз.

Облыстық ішкі істер департаменті мамандары ұрылардың көп жағдайда Ресей аумағынан табылатынын айтады. Бұдан бөлек, телефон шалып банктердің атынан ақпарат сұрайтындардың да нағыз арам ойлы алаяқтар екенін ескертеді.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде ауыр дертке шалдыққан баланың фотосуретін жариялап, пайда табатындар да кездесіп жүр. Ол да алаяқтықтың бір түрі. Бұл жерде алаяқтар ғаламторда, әлеуметтік желілерде елге танымал демеушілердің, қайырымдылық қорларының атынан мұқтаж адамдарға көмек көрсету туралы жарнамалар береді. Көп адамдар оның жалған сайт екенін білмей қалуы да мүмкін. Көмек көрсеткісі келген жомарт жүректі жан әлгі қорлардың шынайы сайтына кірдім деп ойлап, ақшаны алаяқтардың шотына аударып жіберіп жатады. Сондықтан қайырымдылық қорларына қаражат аударамын деген адам, ең алдымен, оның төрағаларымен сөйлесіп, есепшот нөмірін мұқият тексеріп алуы тиіс.

Алаяқтарға алданып қалмау үшін, ең біріншіден, тауар алатын сайт жалған емес пе, соны анықтап алуға тырысу қажет. Оның мекен-жайы, байланыс телефонына баса назар аударған жөн. Егер болып жатса, оған хабарласып, сатушысымен сөйлескен дұрыс. Осындай жан-жақты ақпараттарды нақтылап алғаннан кейін ғана ақшаны төлеуіне болады. Ал жалған ғаламтор-дүкендерге алданып қалып жатқандардың көпшілігі оларды егжей-тегжейлі тексеріп жатпай-ақ, сайтта көрсетілген шотқа ақшаны жібере салатын аңқау жандар.

Осы жерде айта кетер жайт, банктер болсын, құқық қорғау органдары болсын, еш уақытта сізге телефонмен хабарласып немесе мессенджермен жазып, логин, пароль секілді құпия мәліметтерді сұрамайды. Тіптен қажет болған жағдайда, банк қызметкері сізге хабарласып, барлық мәселені шешіп, нақтылау үшін: «Қаладағы біздің кез келген бөлімшемізге хабарласып, ақпарат алып кетіңіз» деп өтінуі мүмкін. Ондай қоңыраудың артында алаяқтар тұрмасына көз жеткізу үшін әрбір банктің өздеріне тиесілі байланыс орталықтары бар. Соларға телефон соғып, керек болса аяқтай барып, жағдайды нақтылау қажет. Өйткені телефон арқылы ешбір қаржылық мәселелер шешілмейді. Сондықтан Түркістан облыстық полиция департаментінің мамандары облыс тұрғындарынан алаяқтардың арбауынан аса сақ болуға шақырады. Ал егер күмәнді жағдайға тап болсаңыз, онда 102 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Құқық бұзушылықтың алдын алу: полиция Түркістан облысында студенттермен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтар азаматтарды алдау үшін дипфейкті қалай пайдалануда

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.