«Банк қызметкерімін» деуші алаяқтардан сақ болыңыз! — Төрттаған
Четверг, 24 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«Банк қызметкерімін» деуші алаяқтардан сақ болыңыз!

28.01.2025
Қоғам
0
«Банк қызметкерімін» деуші алаяқтардан сақ болыңыз!

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Бүгінде дамыған технологияларды әлеуметтік желілер арқылы пайдаланып, алаяқтық жолмен айласын жүзеге асыратындар саны аз емес. Олар адамның сеніміне кіру үшін кез келген әрекеттерге барады. Оңай олжаны көздейтіндер телефон арқылы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, әр түрлі жолдармен жеке ақпараттарға қол жеткізгісі келеді.
Кейбір азаматтар мәселенің анық-қанығына алдын ала көз жеткізбей, алаяқтардың құрығына түсіп, сан соғып қалып жатады.
Алаяқтар хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Олар клиенттің картасында күмәнді операция жүргізілгенін айтады. Олар осы әрекетті бұғаттау үшін картаның артындағы 3 таңбалы санды айту керек деп түсіндіреді.
Кейін оған алаяқ хабарласып, мәселенің шешу үшін несинеі өзі рәсімдеп резервтік есеп шотқа аудару қажет екенін айтады. Әрине, адам оған тиісті мәліметті береді. Олар осы сәтте интернет-банкинг арқылы зардап шегушінің есепшотындағы ақшаны алып қояды.

Соңғы уақытта алаяқтықтың жаңа түрі – фишинг (voice + phishing – дауыс  фишингі)шыға бастады. Қаскүнем өзін банк қызметкері ретінде таныстырады.

Егер сізге қоңырау шалып, келесідей ақпаратты ұсынатын болса, сақ болыңыздар:

– Алаяқтық кредитті жою/жабу үшін «қосымша кредитті» ресімдеу;

— Ақша қаражатын сақтау үшін «сақтандыру ұяшығына» аудару;

— Біреу «сенімхат бойынша» клиентке алаяқтық кредит ресімдеді деп қорқыту.

Алаяқ клиентке қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады, содан кейін клиенттен оның жеке деректерін — аты-жөнін, ЖСН, сканерленген жеке куәлігін, жеке фотосуретін, карта нөмірін, берілген күнін, CCV және бір реттік кодтарды клиентті қорғау кейпімен сұрайды. Сондай-ақ, алаяқ клиенттен оның құрылғысына қашықтан қосылу үшін қосымша орнатуды сұрауы мүмкін.

Кейін алаяқтардың ықпалымен клиент ӨЗІ кредит ресімдейді, ақшаны өзі аударады немесе алаяққа өзінің мобильді қосымшасына кіруге мүмкіндік береді.

Онлайн ресімдеуден бөлек, терминал арқылы клиенттер банк бөлімшесіне келіп, қолма-қол кредит ресімдеп, ақшасын алып, алаяқтардың есепшотына өздері жіберетін жағдайлар да кездеседі.

Неліктен клиенттер фишингке тап болады:
Алаяқтар өздерін Қауіпсіздік Қызметінің, экономикалық қауіпсіздікпен байланысты мемлекеттік органдардың (негізінен полиция бөлімшесінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының немесе OLX сатып алушыларының қызметкерлері ретінде таныстырады. Көбінесе олар клиентке алаяқтардың оның ақшасын ұрламақ болғанын айтады. Әрі қарай, клиентті қорғау кейпімен олардан «сақтандыру ұяшығына/сақтандыру шотына» ақша аударуды немесе «қосымша кредитті» ресімдеуді сұрайды. Сосын бір-екі күн ішінде банк кредитті жауып тастайды деп уәде береді. Дәлел ретінде алаяқтар клиентке жалған құжаттарды жібереді, мысалы: жалған жеке куәлік, жалған чектер, жалған кредитті жою туралы шарт.

Біз алаяқтың айлаларына ілініп қалмау тәсілдерін толығырақ айтып береміз.

— Күмәнді сайттарға картаңыздың мәліметтерін енгізбеңіз

Сілтемелермен абай болыңыз. Алаяқтар түпнұсқа сайтқа ұқсайтын сайттар жасайды, осылайша сіз сайтқа енгізген барлық ақпарат ұрының қолына түсуі мүмкін. Мәміленің сенімділігіне сенімді болмасаңыз, картаңыздың мәліметтерін (жарамдылық мерзімі, артқы жағындағы cvv/cvc коды) енгізбеңіз.

— Картаңыздың фотосуреттерін жібермеңіз.

Картаңыздың фотосуреттерін ешқашан әлеуметтік желілерде орналастырмаңыз, карта деректерін мессенджерлер арқылы үшінші тұлғаларға жібермеңіз.

— «Кодты ешкімге айтпаңыз» мәтіні бар SMS-тегі бір реттік кодты ешкімге айтпаңыз.

Телефон нөміріңізге бір реттік код бар SMS жолдау арқылы банк сізді рұқсат етілмеген карта транзакцияларынан қорғайды.

— Үшінші тараптың сұрауы бойынша бөгде қосымшаларды орнатпаңыз.

Алаяқтар мәміле жасау үшін ұялы телефоныңызға қосымшаны (мысалы, TeamViewer, Anydesk) орнатуды сұрауы мүмкін. Мұндай қосымшалар алаяқтарға телефоныңызды, сонымен қатар смартфондағы кез келген деректерді толық бақылауға мүмкіндік береді.

— Алаяқтар ресімдеген кредитті жою немесе ақшаңызды қорғау мақсатында үшінші тұлғалардың талабы бойынша кредит ресімдемеңіз.

Алаяқтар жалған алаяқтық кредиттің күшін жою немесе қаражатыңызды қорғау үшін сізден кредит ресімдеуді сұрауы мүмкін.
Егер сіздің картаңыздың деректері алаяқтың қолына түссе не істеу керек?
1. Тиісті банк нөміріне қоңырау шалу арқылы картаны бұғаттаңыз.
2. Мобильді қосымшада құпия сөзді өзгертіңіз.
3. Картаны қайта шығару үшін филиалға хабарласыңыз.

Біздің ұсыныстарымыз: алаяқты қалай тануға және өзіңізді қорғауға болады?

1. Өзін «банк қызметкері» деп таныстырған адаммен телефон арқылы сөйлесу немесе хат алмасу барысында сіз алаңдаушылық пен дүрбелеңді сезінуіңіз мүмкін. Себебі алаяқтар «қорқыту және алу» тактикасын жиі қолданады. Қаскүнемдер клиентті аффект күйінде олардың нұсқауларын орындауға эмоционалды түрде қысым жасайды.

2. Қауіпсіздендіру мақсатында алаяқтар ақшаңызды ұрлап кетпеуі үшін мобильді қосымшада картаңызды бұғаттаңыз. Содан кейін Банкке қоңырау шалып, жағдайды түсіндіріңіз және шотыңызды тексеруді сұраңыз.

3. Қаскүнемдер құрылғыңызға қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ететін Any Desk, teamViewer және т.б. бөгде қолданбаларды жүктеп алуды сұрауы мүмкін. Ешбір жағдайда жүктемеңіз.

4. Жоғарыдағы қосымшаларды жүктеп алған болсаңыз, телефонды өшіріп қайта қосыңыз. Бұл сіздің телефоныңызбен байланысты үзіп, алаяқтарды деректеріңізді көру мүмкіндігінен айырады.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржылық пирамидалар жеңіл әрі жылдам ақша табуды уәде етеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа қаржы пирамидасы 

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.