Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «М.Мәметова атындағы №33 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де интернет-алаяқтық, лудоманияға қарсы мектепішілік жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп инспекторы М. Жетібаев, ДОТЖЖО Ш. Иманбердиев, ДТЖЖО Жайсан Маханбетова қатысты. Жиналыста интернет алаяқтар туралы мәліметтер қамтылды. -» Қазіргі таңда интернет алаяқ құрбандарының саны күннен күнге артуда, олардың сіздің телефоныңызға код саны арқылы байланысып сізді қосымша карталарыңыздан қаржыны шешу жолдарын іздестіреді. Сондықтан ешуақытта ұялы телефоныңызға келген хабарлама код немесе сан айтпауға кеңесін беремін»-деді мектеп инспекторы.
Мектептің педагог-психологы:
Г. Шылмырзаева интернеттік лудомания жайлы баяндама оқыды.«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспарына сәйкес 9-11 сынып оқушылары арасында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында қаржылық сауаттылық негіздері және интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидаларының қауіптілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға алаяқтық, қаржы пирамидаларының қауіптілігі туралы қаржылық сауаттылығы мен азаматтық ұстанымдарын арттыру, өз білімдерін өмірде қолдана білу;
Қаржылық сауаттылық – жеке және отбасылық қаржыны басқарудағы біліктілік. Біз біліктілікке ие болып, оны арттырып, дамыта аламыз.
ДТЖЖО: Жайсан Маханбетова