Интернет алаяқтық – қаупі артуда — Төрттаған
Воскресенье, 27 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Интернет алаяқтық – қаупі артуда

06.01.2025
Қоғам
0

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Соңғы жылдары қоғамда интернет-алаяқтықтан зардап шеккендердің қатары артқан. Заманауи технологияларды шебер меңгерген қылмыскерлер әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы өз мақсаттарына қол жеткізген. Олардың ішінде ең көп тарағаны — веб-сайттар арқылы жәбірленуші өзі ақша аударып, кейіннен тапсырысын ала алмай қалу деректері болып отыр.
Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.
Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Интернет-алаяқтық – бұл дегеніміз интернет желісі арқылы тұлғаның сенімін теріс пайдаланып мүлкін жымқыру болып табылады. Интернет алаяқтықтың алдын алу негізі халық арасында түсіндіру жұмыстарынан басталады және тек мұнымен шектеліп қана қоймай жаднамалар тарату , билбордтар,баннерлер ілу және т.б шараларды қажет етеді. Міне осы интернет алаяқтықтын алдын алу барысында Жетісай қаласындағы кәсіпкерлерге,тұрғын халықтың арасында дәне де мектептерде интернет алаяқтық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылып, видеороликтер көрсетілді. Жетісай қаласы бойынша көше бойларында Билбордтар ілініп, Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі бойында орналасқан лед-экранда слаидттар, видеороликтер көрсетілді.
Ал енді 2024 жылы интернет алаяқтық бойыша тіркелген мәліметтерге тоқталар болсақ,осы жылдың басында яғни наурыз айында 102 шұғыл номеріне шалынған қоңыраулардан интернет алаяқтық бойынша 3 жағдай тіркелген және нақты шығын 2 жарым миллионды құрады, бірақ өкінішке орай шілде айында 5 жағдай тіркеліп жалпы шығын 5 796 990 тенге шығынды құрады, ал тамыз айындағы шығып орташа есеппен 17 жарым миллион теңгені құрады.
Интернет алаяқтықтың жасалу және алдын алу тәсілдеріне тоқталар болсақ:
1) Бірінші орында тұратын танымал тәсіл-интернет алаяқтар көбінесе банк қызметкері ретінде қоңырау шалады, жалған құжаттарды көрсетіп , банктік шотқа шабуыл жасап жатқаны жайында айтып интернет алаяқтарды ұстау мақсатында деп алдап мәліметтеріңізді алдын алу үшін телефонға келген кодты айтуды сұрайды,егер кодты айтқан жағдайда сізге кредит алынатын болады сол себебті ешқандай кодты айтпаңыз себебі банк қызметкерлері ешқашан сізден интернет немесе телефон желісі арқылы ешқандай кодттарды сұрамайды.
2) Екіншіден орында тұратын танымал тәсіл-интернет алаяқтар көбінесе ішкі істер органының қызметкері ретінде телефон соғады және танысы не болмаса баласы және басқа да туысқандары абақтыда отқаны туралы айтып оларды абақтыдан шығару үшін ақша сұрайды, егер тұлға сенбеген жағдай оған ватсап желісі арқылы бейне қоңыраумен хабарласып бетпе бет сөйлеседі,әрине олар ішкі істер органының қызметкерлері секілді киініп алады және де өзі не болмаса туыстары туралы жалған құжаттарды көрсетіп тұлғаларды алдайды. Естеріңізде болсын ішкі істер органының қызметкерлері егер сіздер керек болсаңыздар сіздерді учаскелік пунктке немесе сол ауданның полиция бөліміне шақырады.
3) Үшінші орында-бұл қазіргші таңда көбейіп келе жатқан интернет магазиндердегі сатып алу – сату барысында туындайтын интернет алаяқтықтар яғни сіз интернет желісі арқылы арзан әрі оңай сатып алғыңыз келеді, бірақ асықпаңыз бұлардың көбісі интернет алаяқтар болып табылады сату сатып алу әрекеттерін жасамастан бұрын сол компанияның немесе сол күдіті тұлғаның парақшасыдағы лүпілдерді қараңыз,пікірлерді оқыңыз, жазылушылар санына қараңыз егер күдік болған жағдайда сату немесе сатып алудан бас тартыңыз.
4) Төртінші орында – интернет алаяқтар мемлекеттік қызметші ретінде хабарласып жұмысқа тығып беремін және мемлекеттен қайтарымсыз грант алып беремін деп алдап жатады, естеріңізде болсын ешқандай мемлекеттік қызметші сізге бұндай қызметтер ұсынбайды егер сіз керек болып жатсаңыз жоғарыда атап өткендей сізді белгілі бір мемлекеттік органға шақырады.
Міне осы тәсілдер интернет алаяқтардың ең көп қолданатын сылтаулары боп табылады. Ал енді осы тәсілдердің алдын алудың ең басты тәсілін айтар болсақ ол электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады яғни электронды үкімет порталындағы салық және қаржы бөліміне кіресіз одан әрі салық және қаржы бөліміндегі қызмметтердің ең астына түсіп «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» бөліміне кіріп қызметке жазыласыз және бір-екі минут күтіп жазылымның қабылданғанына көз жеткізсеңіз болды.
Бұл қызметте сіз алты айға кредит алудан бас тартасыз,ал егер бұл жазылымның күшін жойғыңыз келсе дәл солай электронды үкімет порталына кіріп салық және қаржы бөліміндегі «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметіне кіріп жазылымнан бас тарту туралы өтініш жібересіз, бір-екі минут күтіп жазылымның қабылданғанына көз жеткізесіз.
Ескерте өтетін тағы бір мәселе ол биометриялық мәліметтер арқылы заңсыз түрде алынатын несие яғни толығырақ айтар болсақ, 19 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне несие беру кезіндегі тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, несие берушілердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. қаржы нарығын және атқарушылық іс жүргізуді реттеу» заңына сәйкес 20 тамыздан бастап несие алатын тұлғаның биометриялық мәліметтері қажеттігіне сәйкес, интернет алаяқтар биометриялық мәліметтерді қолданып несие алуы мүмкін, қысқаша айтқанда жоғарыда атап өткен сылтауларды айтып сізге камераға алдында оңға,солға бұрылып «ИЯ» деп айтуыңызды сұрайды, мұндай жағдайда егер сіз сол талаптарды орындайтын болсаңыз сіздің атыңызға несие алынатынын ұмытпаңыз. Қорытындылай келе интернет алаятардан сақ болыңыз егер аталған жайттардың құрбаны болсаңыз 102 номеріне қоңырау шалыңыз.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Көрінеу жалған ақпарат таратуға тосқауыл 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтың өршіген түрі интернет алаяқтығы

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.