ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АПТАСЫНА 200-ГЕ ЖУЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ — Төрттаған
Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АПТАСЫНА 200-ГЕ ЖУЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

07.02.2025
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АПТАСЫНА 200-ГЕ ЖУЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл жұмыстар күшейтіле түспек. Нақтырақ айтсақ, облыс аумағында күнделікті өткізілетін 7 263 сенбілік іс-шарасы бекітілді. Жоспарға сәйкес әр күні 40-қа жуық елді мекенде сенбіліктер өтіп, аптасына 200-ге жуық елді мекен толық тазалық жұмыстарымен қамтылмақ. Сонымен қатар іс-шаралар 9 ауқымды тақырыпқа бөлініп өткізіледі. Облыс көлемінде «Үлгілі ауыл», «Жомарт түлек» байқаулары өткізіліп, үздік елді мекендер анықталады.

🔁Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрғағалығымен өткен жиында бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар сараланды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, басымдық аумақтардың тазалығын қамтамасыз етуге, абаттандыруға, нысандардың қасбеттерін, жарықшамдар мен субұрқақтарды күтіп-ұстауға, жол белгілерін ретке келтіруге, жолдарды жөндеу жұмыстарына берілмек. Сонымен қатар білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, діни нысандардың тазалығы назарда болады. Бұл жұмыстарға тұрғындармен қатар, кәсіпкерлер де жұмылдырылады.

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

⤵️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, бағдарлама аясында 210 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанның, соның ішінде 4 мыңға жуық орта кәсіпорынның аумақтарын ретке келтіру жұмыстары ұйымдастырылады.

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында табиғатты қорғау және экологияны жақсарту мәселесіне ерекше назар аударып, ел аумағында жасыл белдеу құруды тапсырған болатын. Осы ретте, республикалық маңызы бар жолдардың бойында 1 млн. ағаш отырғызу бастамасы қолға алынуда. Ағаштар кезең-кезеңімен республикалық маңызы бар 691 шақырым жол бойына орналастырылады. Ағаштардың күтімін қамтамасыз ету үшін ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, тамшылатып суару жүйесі мен арнайы қоршаулар орнатылады. Жобаға облыс аумағындағы «Қазатомөнеркәсіп», ҚТЖ, «KEGOC», «Инкай» және өзге де ірі кәсіпорындарды тарту көзделуде. Оған қоса осы жылы елді мекендерді көгалдандыру бойынша 1,2 миллионнан аса ағаш отырғызу межеленген.

⤵️Облыс әкімі жауапты тұлғаларға елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүйелендіру, қоқысты алып кету жиілігі мен қызмет көрсету сапасын бақылауда ұстауды тапсырды.

📌– Елімізде «Таза Қазақстан» бағдарламасы іске асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы мерзімінде және сапалы орындалуы тиіс. Аудан, қала әкімдерінің жұмысы енді «Таза Қазақстан» бағдарламасын орындау арқылы да бағаланады. Кейбір аудан, қалаларда жүргізіліп жатқан абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары тиісті деңгейде емес. Тазалық жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізбеген әкімдіктер де бар. Біз тиісті жұмыстар жүргізу арқылы тұрғындардың қоршаған ортаға, тазалыққа деген сана-сезімін көтеріп, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындардың, жастардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыруымыз қажет. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.

✔️Өңір басшысы облыс аумағындағы «Қазпочта» «Қазақтелеком», банктер және осы секілді халыққа қызмет көрсететін мекемелер «Таза Қазақстан» бағдарламасын орындаудан тыс қалмай, өздеріне тиесілі ғимараттар мен ауларын таза ұстауға міндетті екенін жеткізді.

✔️Қазіргі уақытта Түркістан облысының әкімдігі жергілікті атқарушы органның жанынан мемлекеттік коммуналдық мекеме құру арқылы санитарлық тазалық жұмыстарын аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде жүргізу жұмыстарын қолға алуда. Бағдарлама аясында санитарлық жұмыстар мен абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 407 арнайы техника сатып алу жұмыстары басталды. Аудан, қалалар мен басқармалардың іс-шара жоспары бекітіліп, әкімдердің рейтингісі жасалады.

✔️Айта кетейік, өткен жылы 1440 сенбілік өткізіліп, бұл жұмыстарға 300 мыңнан астам адам мен 1,5 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 3,4 мың тонна қоқыс шығарылып, 1,1 миллион ағаш отырғызылды. Одан бөлек, 120 көппәтерлі тұрғын үйлердің келбеті ретке келтіріліп, 83 арнайы техника сатып алынды. Аудан, қала әкімдіктерінің Полиция департаментімен бірге қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстардың нәтижесінде заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 702 хаттама толтырылып, жалпы көлемі 318,5 млн. теңге айыппұл салынды. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 2880 қоқыс үйіндісі анықталып, қысқа мерзімде тазалау жұмыстары жүргізілді. «Ғарыш сапары» космомониторинг арқылы 367 жерде заңсыз қоқыс орындары анықталып, қоқыстан тазартылды.

✔️Бүгінгі таңда TazaQazBot платформасына мыңға жуық өтінім түскен. Оның ішінде, 988 өтінім орындалған болса, қалғандары орындалу барысында. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аталған жүйенің Түркістан облысында іс жүзінде қолданылуы республика көлемінде алғашқы орында қалыптасты.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ЗАУЫТТА ІС-ТӘЖІРИБЕН ӨТІП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Интернет-алаяқтығына қарсы семинар: жаңа тәсілдер мен технологиялар

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.