Ұрпақты ұлттық құндылықтар ғана ұшпаққа шығарады — Төрттаған
Понедельник, 7 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ұрпақты ұлттық құндылықтар ғана ұшпаққа шығарады

14.06.2024
Қоғам
0
Ұрпақты ұлттық құндылықтар ғана ұшпаққа шығарады

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам–Адал еңбек–Адал табыс» атты үшінші отырысында: «Аға буын жас ұрпаққа  жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет» деп алдымызға үлкен міндеттер жүктеді. Осы орайда біздің қазақ «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп жатады. Расында, жастарымызды білімнің қайнар бұлағынан сусындатуда қаншалықты тер төгіп жүрміз? Әлемдегі бірінші ұстаз атанған Аристотель «Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті» деп бекер айтпаған. Мәселе тиянақты да терең білім алып, оны Отанымыздың бүгіні мен келешегіне пайдалана білуде. Бүгінде әлемдік технология көз ілеспес жылдамдықпен дамып барады. Өмірімізге жасанды интеллект дендеп енді. Басқа жұрттың балалары жерді қойып, ғарышты зерттей бастады. Ал, біздің балалардың деңгейі қай дәрежеде? Шетелден оқып келгендердің барлығы ғұлама болып кетті ме? Міне, мәселе қайда жатыр?! Сондықтан  қазіргі таңда мемлекет алдында тұрған ең үлкен мәселелердің бірі сапалы білім беру, жастарды білікті маман етіп шығару, оларды жаңа технологияларды игеруге баулу.
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ иесі. Сондықтан  ұрпағымызды білімді, білікті, бәсекеге қабілетті етіп тәрбелеу – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның зкономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Сапалы орта білім алу – әр баланың мызғымас құқығы. Мұндағы еңі түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет» деген сөзі ұлағатты ұстаз атына ие жандарға үлкен міндет жүктейді.  Иә, бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, әр оқушының отын жаға біліп, шығармашылық мүмкіндігін дамыту керек.  Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен міндет – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген, білімді,  шығapмaшылық бaғыттa жұмыс iстeйтiн, тың жаңалықтар ашатын,  ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру және тәрбиелеу.  Жаңа заман талаптарына сай, ұлттық рухпен сусындаған ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Бұл орайда бағзы бабалардан бізге жеткен  әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен мәдениетімізді көзіміздің қарашығындай сақтауға тиіспіз. Ұлттық рухпен сусындаған кемел тұлғаны жетілдіру ең алдымен ата-ананың, ұстаздың, зиялы қауымның міндеті болу керек. Саналы тәрбие ұлттық құндылықтар арқылы беріледі.
Ұлттық рух – елдің арман-мұраттары, ата-баба аманаты. Әрбір ұлттың тарихында қол жеткізген ең құнды дүниелері, рухани және адами қасиеттері мен мінез- құлық үлгілері бар. Сондықтан әрбір жаңа ұрпақ ұлтымыздың жылдар бойы жинаған  асыл қазынасын бойларына сіңіру қажет. Табысқа  жетудің бірден-бір жолы – ұлт тәрбиесі.
Болашақта да тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін ең алдымен ұлттық рухымызды көтеруіміз керек. Ұлттық рух – елдің  тұтастығы, қайталанбас қасиеті. Ұлттық рух – ел тәуелсіздігін қастерлеп, беріктігін сақтауға бастайтын қастерлі сезім. Тәуелсіздігіміздің көк туы шырқау шыңда желбіреп, елтаңбамызбен еңселі, әнұранымызбен айбарлы мәңгілік ел боламыз десек, ұлтын жанындай сүйетін саналы да білімді, іскер де рухты ұрпақтарымыз көп болуы керек.
Қайсар рухын қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың елдік пен ерлік жолындағы жорығы бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Жастарымыз алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен  олардың дүниетанымын қалыптастыруға және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз.
Аманбек АХМЕТБАЕВ,
білім саласының ардагері.           
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Балалардың құқығын қорғау – болашақтың құқығын қорғау

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Интернет-алаяқтықтың түрлері күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.