БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 45 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК — Төрттаған
Суббота, 12 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 45 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК

27.08.2024
Жаңалықтар
0
БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 45 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгінгі лездемелік мәжіліс 2025-жылы атқарылатын жұмыстарға арналды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков секторлардағы өзекті мәселелерді саралап, даму жоспарына сәйкес, жоба құжаттарының дайындық сатысын тексерді.
Келесі жылы облыс орталығында инфрақұрылым құрылысы толық аяқталған 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жаңадан қоныстанған аумақтарда тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 1 нысанға жобалау-сметалық құжат әзірленуде.
Қазіргі таңда, халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 3 нысанға ЖСҚ әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылды.
Қаланы сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 15 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қосымша тағы 3 нысанның жобалау-сметалық құжаттары рәсімделуде. Жобалар қолдау тапқан жағдайда, қалада орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған абонент саны 33 690-ға жетіп, қамту көрсеткіші 72%-ды құрайтын болады.
Түркістанның тазалығы – басты назарда! Осы ретте қаладағы 875 көше 3 кезекке бөлініп тазаланады. 1-кезектегі 112 көше күнделікті, 2-кезектегі 342 көше аптасына 2-3 рет, ал 3-кезектегі 421 көше аптасына 1 рет тазартылып отырады.
Шаһардағы тазалық жұмыстары бойынша 2 мекеме қызмет атқарады. Олар «Түркістан – жарық тазалық» ЖШС және «Жасыл қала – green city» ЖШС.
«Түркістан – жарық тазалық» мекемесі қаланың 160 көшесінің тазалығына жауапты. Онда 340 қызметкер жұмыс істейді және 36 техникамен қамтылған.
Ал, «Жасыл қала – green city» мекемесіндегі 80 қызметкер мен 12 техника шаһардағы 258 көшенің таза болуына атсалысып келеді. Қалған көшелердің тазалығына 6 сектор бойынша 7 жеке кәсіпкер бекітілген.
Сондай-ақ, төлем жүргізілетін тұрғындардың үлесі 75 %-ға жетіп отыр.
Қазіргі таңда қала аумағында ортақ пайдалану орындарын ластау, абаттандыру қағидатын бұзу, жол жабындысын бүлдіру бойынша 8 099 хаттама толтырылып, 100,4 млн.теңге айыппұл салынды.
Түркістан қаласында өткен жылдың қорытындысымен асфальт жолдардың үлесі 383,9 (45,4%) шақырымды құраған болатын. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда шаһар аумағындағы топырақ жолдардың шешімі табылды.
Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Биыл оның 50,8 шақырымды құрайтын 45 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 23,8 шақырымды құрайтын 20 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары бастау алды. Аталған жол сапасын жақсарту мақсатында жасалған жұмыстарға қаржы толықтай бөлінген жағдайда, 45 көшенің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады. Нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесін 51,4%-ға жеткізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, 2025 жылы 50,5 шақырымдық 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған жөндеу жұмыстары іске асқан жағдайда, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесі 57,4%-ға жетіп, асфальт жолдар ұзындығы 485,2 шақырымды құрайды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы келесі жылға қаржы кешікпей бөлінуі үшін құжаттардың ерте ұсынылуы қажеттігін ескертті:
— Әлі де уақыт бар деп, арқаны кеңге салмаңыздар. Ерте қимылдағанның ертеңі еш кетпейді. Биыл кәріз жүйесінің құрылысы аяқталған көшелер келесі жылы асфальттануы керек. Жаңадан қоныстанған аймақтардың инфрақұрылым жүйесінің мәселесі де шешілуі тиіс, — деп, қала әкімі жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СУ АЙДЫНДАРЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАУ КЕРЕК

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.