КӨЗБОЯУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕНДЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАРАЛАДЫ — Төрттаған
Понедельник, 16 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КӨЗБОЯУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕНДЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАРАЛАДЫ

10.08.2024
Жаңалықтар
0
КӨЗБОЯУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕНДЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАРАЛАДЫ

READ ALSO

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.
Осы орайда, Түркістан қаласының аумағындағы санитарлық тазалықты, атқарылған жұмыстарды қадағалау мен тексеру арнайы құрылған жұмысшы топқа жүктелді. Бұл бойынша қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, жұмысшы топ міндеттері таныстырылды.
— Жауаптылар бекітілді, аймақтар белгіленді. Аптасына бір рет жұмысшы топ жетекшісінің есебі тыңдалады. Жұмыстың бағасы Ұйымдастыру бөлімі тарапынан жүргізілетін кері тексеріс нәтижелерімен салыстыра отырып берілетінін ескертемін. Заң да, талап пен тәртіп те ортақ. Қала тазалығы мен мүлкіне зиян келтіру – қоғамға деген құрметсіздік деп білемін. Жұмыс барысында көзбояушылық пен немқұрайлыққа жол бергендердің жауапкершілігі қатаң сұралатынын назарларыңызға саламын, — деді шаһар басшысы өз сөзінде.
Жыл басынан бері облыс орталығында ортақ пайдалану орындарда ластау (ӘҚБтК 434-2 бабы) дерегімен 5467 хаттама толтырылып, 87 млн. 845 мың теңге айыппұл салынған. Абаттандыру қағидатын бұзған ( ӘҚБтК 505-бабы) 1751 жағдай тіркеліп, 5 млн. 521 мың теңге айыппұл рәсімделген. Келісім-шарт арқылы қоқыс артып, аталған қоқысты белгіленбеген орынға тастаған 7 кәсіпкерге, 5 жеке жүк көлігі бар тұлғаларға қатысты Әкімшілік кодекстің 505 бабы және 434-2 бабымен шара көрілген.
Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала аумағында барлық салаға тазалық күндері белгіленіп, аптасына 2 рет тұрақты түрде сенбіліктер өтуде.
Нұрбол Әбдісаттарұлы:
— Аралау барысында, өкінішке орай, кей аймақтардағы тазалық жұмысының суретке түсіп есеп жолдаумен шектелгенінің куәсі болдым. Әрине, барлығы бірдей емес. Бұл міндетке асқан жауапкершілікпен қарайтын азаматтарға алғысымды білдіргім келеді. Тазалық шарасына есеп үшін емес, азаматтық жанашырлықпен атсалысайық, әріптестер. Қала тазалығына қарап осы қалада тұратын баршамызға баға берілетінін есімізден шығармайық, — дей келе, бөлім басшылары мен сектор жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Бүгінге дейін көп қабатты үйлердің аулаларына қоқыс салатын 300 контейнер орнатылды, тұрғындардың сұранысына сәйкес контейнерлер жаңартылып отыр. Қажеттілігіне қарай, І-ІІ мөлтек аудандарында қоқыс тасымалдау жиілігі артты. Белгіленбеген орындарға қатты тұрмыстық қалдықтар жиі тасталатын орындар анықталып, 30 бейнебақылау камералары орнатылды. Заңсыз қоқыс алаңдары тазартылып, аймақтарды Полиция басқармасы өз бақылауына алды.
Мәжіліс қорытындысымен хаттама түзіліп, тапсырмалардың орындалуына мерзім мен жауаптылар бекітілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сайрам ауданында  ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Оқи отырыңызМақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

10.03.2026
11
ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ТӘУЛІГІНЕ 100-150 ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ТӘУЛІГІНЕ 100-150 ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
4
ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10.03.2026
4
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
449

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
279
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
211

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.