ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ — Төрттаған
Суббота, 15 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

02.05.2024
Жаңалықтар
0
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

READ ALSO

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады», деп айтып өткен болатын.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Түркістан облысына іссапармен арнайы келіп, өңір жұртшылығымен кездесті.
Ең әуелі Сауран ауданындағы ересек мүгедектігі бар адамдарға арналған 200 орындық заманауи оңалту орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық жасы 18-ден асқан I, II топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін болады. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар мен жағдайлар қарастырылады. Атап айтқанда асхана, жатын бөлмелері, бассейн, спорт залы, емдік-сауықтыру бөлмелері, қысқы бақ сияқты арнайы орындарымен қамтылады. Ғимаратты қабылдау шаралары сәтті аяқталса, қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева Оранғай ауылында 50 орындық психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы жүріп жатқанын атап өтті. Назгүл Ерікқызы бастамалар халық үшін маңызды екенін айтып, оң пікірін білдірді.
Мұнан соң вице-министр Түркістан қаласында орналасқан «Белсенді ұзақ өмір» орталығында облыс тұрғындарымен жүздесіп, оларды алаңдатқан сұрақтарға жауап берді. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, мүгедектік қоғамы бірлестіктерінің төрағалары, мүгедектігі бар адамдар, көп балалы аналар және атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатысты. Назгүл Сағындықова азаматтарға Қазақстанның жаңа әлеуметтік саясаты, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі, арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жаңғырту, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі өзгерістер жайында кеңінен таныстырды. Жеке қабылдау өткізіп, талап-тілектерді тыңдады. Жиын барысында мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, кәсібін дөңгелетіп отырған тұрғындардың өнімдерінен қойылған көрмені аралап көрді. Биыл Түркістан облысының 1793 жасқа бизнес бастау үшін қайтарымсыз грант бөлінетінін тілге тиек етті. БАҚ өкілдері және тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды түртіп алып, шешуге ықпал ету бойынша облыс әкімдігімен бірлесіп жұмыс жүргізетінін мәлімдеді.
Вице-министр 9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында түркістандық Ұлы Отан соғысы ардагері, 102 жастағы Немат Абдрасиловтың үйіне барып, мерекемен құттықтады. Майдангердің еңбегі, батырлығы үшін алғысын білдіріп, жастарға өнеге ретінде насихатталуы тиіс екенін жеткізді.
Назгүл Сағындықованың сапары Төлеби ауданында жалғасты. Әсия Құралқызы «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сапар аясында мемлекеттік қолдауларға ие болып, өз ісін ашқан азаматтардың дайын өнімдері көрмесімен танысуы жоспарланған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қазіргі манипуляцияның негізгі әдістері

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Таза Қазақстан»: в течение недели организуется множество мероприятий

Оқи отырыңызМақалалар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

14.11.2025
4
QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14.11.2025
5
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Әлемде

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

14.11.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
6
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

11.11.2025
5
Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
369
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
179
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.