Қазіргі уақытта интернет алаяқтықтың жаңа түрлері шығып жатыр сақ болған жөн. Алаяқтар ұялы байланыс операторларының атын жамылып, «сіздің сим-картаңыздың мерзімі өтіп кетті, сондықтан сізге жіберілген смс-кодты айтып жіберіңіз», деп қолқалайды. Алаяқтар күннен-күнге өздерінің жымысқы әрекеттерін өзгертіп жатыр.«Қазір алаяқтықтың кең тараған түрінің бірі – байланыс операторларының атын жамылып іске асырылатын қылмыстық-құйтырқы іс-әрекеттер. Сізге «Актив» немесе «Билайн» орталығынан хабарласып тұрған болады. Сөйтіп, сіздің жеке симкартаңыз бен нөміріңіздің пайдалану уақыты аяқталғандығын желеу етіп, әңгімеге тартады. Енді бір нөмірін 10-15 жылдай ұстап жүрген азаматтардың одан айырылғысы келмейтіні де түсінікті емес пе? Содан басталады. Қазір сізге код жібереміз, соны айта қойыңыз дейді алаяқ. Ал сол кодты айттыңыз ба, бітті дей беріңіз. Өйткені арам пиғылды алаяқтар сол жеке код арқылы сіздің барлық шоттарыңызды басқару мүмкіндігіне ие болып алады». Алдымен көзіңізбен көріп, қолыңызбен ұстамай тұрып ешқандай алдын ала төлем жасамаңыз.
Интернеттегі алаяқтық дегеніміз – төлем карталарының деректерін ұрлау. Негізінен, ол интернет арқылы алатын тауарлар мен қызметтердің ақысын өтеу кезінде қолданылады. Алаяқтар адамдардың картасындағы құпия мәліметтерін ұрлау үшін компьютерлік вирустарды, фишингтік сайттарды, яғни жалған немесе көшірме сайттарды пайдаланады. Тағы басқа түрлері бар. Ең көп тараған түрлерінің қатарына әлеуметтік инженерияны, компьютерлік вирустар, скимминг, банк картасын алмастыру, фишингті жатқызуға болады. Жеке-жеке тоқталар болсам, әлеуметтік инженерия – алаяқ өзі алдайтын адамға техникалық құралдардың көмегінсіз, психологиялық тұрғыдан әсер ету. Алданып отырған адам өзінің құпия деректерін беріп қойғанын байқамай қалады.
Елімізде интернет алаяқтық қылмыстарының жаңа тәсілдері пайда болды. Интернет алаяқтардың құрығына түспеу үшің жеке құжаттағы мәліміттер мен банк картасындағы мәліметтерді аударымдар туралы квитанцияларды,кодтар мен код сөздерді өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырғандарға, интернет сатушыларға бермеу керек, дейді мамандар.
«Банк қызметкерімін» деуші алаяқтардан сақ болыңыз!
Алаяқтар хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Олар клиенттің картасында күмәнді операция жүргізілгенін айтады. Олар осы әрекетті бұғаттау үшін картаның артындағы 3 таңбалы санды айту керек деп түсіндіреді.
Кейін оған алаяқ хабарласып, мәселенің шешу үшін несинеі өзі рәсімдеп резервтік есеп шотқа аудару қажет екенін айтады. Әрине, адам оған тиісті мәліметті береді. Олар осы сәтте интернет-банкинг арқылы зардап шегушінің есепшотындағы ақшаны алып қояды.
Жеке деректерді тексерілмеген сайттар мен басқа да желілердегі <<карта енгізіңіз>> деген орындарға жазуға болмайды. Интернеттен қосымшаларды жүктеу үшін тек App Store мен Pley Market-ті пайдалану керек,күмәнді сілтемелерді басып, телефонға қосымша жүктеуден сақ болу қажет. Төлем жасау үшін картаның 16-саны жеткілікті. Ал 3 сандық құпия сөз, ЖСН және басқа да деректерді сұрап жатса,алаяқтар болуы мүмкін. Қылмыскерлер ақша жымқыру мен жеке мәліметтер алуға,аккауынттар мен электронды шоттарға қол жеткізуге бағытталған әрекеттерді жасап келеді. Тәжірибе көрсеткендей, бір алаяқтық соңынан заңсыз әрекеттердің тұтас тізбегі жалғасып жатады.
Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер де интернет-алаяқтардың зардабын шегуде.
Тәжірибе көрсеткендей, шабуылдаушылар әртүрлі сылтаулармен интернеттен оңай ақша іздейтін адамдарды табады.
Олар кәсіпкерлік қызметті имитациялайтын ұйымды (ЖК, ЖШС) тіркеуді, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерде жеке шот ашуды талап етеді.
Осы процедураларды орындағаннан кейін шабуылдаушылар банк шоттарын бақылауды өз қолдарына беруді сұрайды.
Құқықбұзушылық жасау барысында алаяқтар өздерін жеке кәсіпкерлердің немесе ЖШС-нің иелері ретінде көрсете отырып, әртүрлі тауарлар мен қызметтерді сататын жалған интернет-дүкендер жасайды.
Осыдан кейін олар мәмілеге келіседі және төлемге қашықтан шот-фактураларды жібереді, бұл қаражатты аудару кезінде жәбірленушілерде ешқандай күмән тудырмайды.
Жеке кәсіпкерлерді, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және коммерциялық ұйымдардың банктік шоттарын тіркеудің оңайлатылған тәртібіне байланысты бұл сала қылмыстық құқық бұзушылықты жасау қылмыскерлерді ерекше қызықтырады.
Жеке кәсіпкерлерді, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және банк шоттарын бөтен тұлғалардың басқаруына беру жаппай сипат алып, соның салдарынан азаматтарымызға ірі көлемдегі материалдық шығын келтіріліп жатқанын ескере отырып, құқық бұзушыларға көмектеспеуіңізді сұраймыз.