Алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

20.05.2024
Қоғам
0
Алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметкерлері азаматтарды алаяқтардан сақтандыру үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Осы орайда, Түркістан облысы Полиция департаменті «Cyberpol» тобының қызметкерлері тұрақты негізде алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізеді, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл жолы полиция азаматтарға арнап концерттік бағдарламада түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Концертке 3 мыңға жуық тұрғын қатысты. Оларға сахнада орналасқан лед экран арқылы полицияның алаяқтықтан сақтандыру мақсатында жасалған роликтері көрсетілді.
Айта кетейік, аталған қылмыстың алдын алу мен болдырмау мақсатында полиция түрлі әдіс тәсілдермен жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция 19 миллион теңге шығын келтірген алаяқтың ісін сотқа жолдады. Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде, алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады.
Анықталғандай, күдікті тұрғындардың сеніміне кіріп, кәсіппен айналысу үшін қолма-қол несие шығарып беремін деп, алдын ала ақшаларын алған. Ол осындай жалған уәде беріп, 27 тұрғынды алдап үлгерген.
Жәбірленушілерден 200 мың мен 1,5 миллион теңге көлемінде ақша алып, жалпы 19 миллион теңге шығын келтірген. Күдікті ер адамның ісі сотқа жолданды.
Мамандар бүгінгі күні кең таралған алаяқтық түрлері бойынша сақтық шараларын қолдану қажеттігін түсіндіреді.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Несие беру бойынша: Алаяқтардың басым бөлігі несие алу мен несие жабуды ұсыну кезінде кездеседі. Кей жағдайларда алаяқтар ірі мөлшерде несие алу мақсатында несие беру жөніндегі өтінімдердің мәліметтерін бұрмалайды. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет, себебі несие туралы мәліметтерді бұрмалау заңмен көзделген жауаптылыққа, оның ішінде қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.

Алаяқтар тарпынан берілген мұндай ұсыныстар заңға қайшы немесе шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Осындай жағдайлардың нәтижесінде Сізге берілген ұсыныстар орындалмай, керісінше қосымша қаржыларыңызды жоғалтып, ұзаққа созылатын сот процесстерінің қатысушысына айналасыз.

Сондықтан, алаяқтардың қақпанына түсіп қалмау үшін, несие алу кезінде тек банк қызметкерлерінен кеңес алып, заңда көзделген тәртіпте несие алыңыздар.

Телефон алаяқтары: Ұялы байланыс арқылы кездесетін алаяқтардың мақсаты, алдау арқылы Сіздің ақшаларыңызды белгілі бір шотқа аудару немесе басқа да мекен-жайға жібереді.

Аталған алаяқ түрінің кең таралғаны —  телефон байланысы арқылы Сіздің жақын туысыңыздың ауыр жағдайда екенін айтып, оны осы жағдайдан құтқару мақсатында белгілі сомадағы ақша қаражатын белгілі адамның атына аударуды сұрайды.

Жылжымайтын мүлік: Жылжымайтын мүлік нарығында алаяқтықтың көп түрлері орын алуда. Көбіне жаңа тұрғын үйден пәтер алуға   көмек көрсетемін деп алған қаражаттарды жеке басына жұмсау деректері кездесуде.

Сонымен қатар,  жылжымайтын мүлікті жалған меншік құқығын танитын құжаттарымен сату бойынша, азаматтарды алдау жолымен ақшаларын алып қою жағдайлары да кездеседі.

Сақтандыру: «Сақтандыру» компаниялары өз қызметтеріне төмен бағаны ұсынатын жағдайлар жиі кездеседі. Шын мәнінде, мұндай компаниялар қағаз жүзінде ғана бар, не олар клиентпен келісімшартта өтемақы алуға мүмкіндік бермейтін жағдайлар жасайды.

Туризм: Алаяқтар және адал емес кәсіпкерлер өздерінің құрбандарына турларды немесе қонақүйлерде брондауды сатады, олардың нақты шарттары жарнамада көрсетілгеннен едәуір төмен. Мысалы, бес жұлдызды отельдің орнына алданып қалған турист үш жұлдызды қонақ үйге тап болуы мүмкін.

Жұмыс ұсыну:  Азаматтарды жұмысқа орналастыру кезінде де алаяқтық көптеп кездесуде. Жұмыс іздеушілер жұмыс табу мақсатында жұмысқа тұрғызамын деп қызмет ұсынғаны үшін алаяқтар жоғары бағамен ақша қаражаттарын алуда.

Ұялы телефондарды сөйлесуге сұрап алып, алдап алу кету: Бүгінгі күні, жиі кездесетін алаяқтықтың бірі — бұл азаматтардың ұялы телефондарын бөгде адамдардың қоңырау шалу үшін сұрап алып, артынша алдап ұялы телефондарды алып кету жағдайлары. Сол себепті, меншіктеріңіздегі заттарға ұқыпты қарап, оларды бөгде таныс емес азаматтарға бермеуге шақырамыз.

Егер, Сіз алданып қалсаңыз, не істеу керек? Егер Сіз алаяққа кездесіп қалсаңыз, өз бастамаңызбен мәселені шешуге асықпаңыз. Бұл жағдайда, қылмыстың орын алған жері бойынша дереу полиция немесе прокуратура органдарына арызданып, қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарын жеңілдету және келтірілген залалды қайтару үшін арызға істің мән-жайларын толық анықтауға жәрдемдесетін мәліметтерді көрсету қажет.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«ТҮРКІСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТАУЫМЕН ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сананы манипуляциялау

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.