Қаржы пирамидасының заманауи өзгерген түрі — Aster.LTD компаниясына талдау
Ұйымдастырушалардың өзі телеграм каналда жарыса жазуда. , деп жазады orda.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл бизнес сауда платформасымен байланысты. Aster.LTD жоғары табыс табуға мүмкіндік беретін жарнама жұмыстарын ұсынады. Компания көпфункциялы ІТ қосымшасы бар сауда платформасын ашпақшы. Платформаға өз тауарлары мен қызметтерін ұсынатын сауда компаниялары қатыса алады. Қатысушылардың міндеті – қауымдастық құру, жоғары табыс табумен қатар, маркетплейс үлескері құқығына ие болу үшін платформаны жарнамалау. “Бұл жерде Бәріне тиімді!” — дейді олар. Қауымдастық жалпы маркетплейс тауарайналымының 10%-ын ұсынады. Пассивті табысқа шығу үшін үлескерлер құны әртүрлі 4 ББҚ пакетінің бірін сатып алуы тиіс:
● 15 000 теңге
● 42 000 теңге
● 123 000 теңге
● 366 000 теңге
“ББҚ сатпаймыз, жарнама жасамаймыз, денсаулығымыз үшін бір-ақ рет сатып аламыз», – деп жар салады Aster.LTD. Жоғарыда ұсынылған ББҚ пакеттерінің бірін сатып аласыз, тауарды емес, платформаны жарнамалайсыз, ББҚ-ны өз денсаулығыңыз үшін сатып аласыз, сосын 2 адам шақырсаңыз болды, мол табысқа кенелесіз! Бірдеңеге ұқсамай ма? Компанияда қаржы пирамидасының барлық белгілері бар:
● Толағай табыстар уәде ету.
● Өзіңізден соң, кемінде 2 адам шақыруыңыз керек және олар да солай істеуі тиіс.
● Өнім жоқ. Үлескерлерге маркетплейсті жарнамалау ғана ұсынылады.
● Құжаттамасы жоқ. Әрине, сізге «КазБАД» ЖШС-нің сертификаттарын көрсетуі мүмкін, алайда ол өндіріс сертификаты болып табылады. Яғни, олар сізге ББҚ өнімдерін өндіретін компанияның сертификатын ұсынады. Aster.LTD сияқты ұйымда өздері сататын әрбір тауардың лицензиясы болуы тиіс.
● Ашықтықтың болмауы. Бізге белгілісі – көп табыс табуға мүмкіндік беретін сандар мен пайыздар ғана. Ал адамдарға төлейтін ақшаны компанияның қайдан алатыны беймәлім.
Бұған дейін айтқанымыздай, желілік маркетинг дистрибьюторлар желісі арқылы сатылған тауарлар сатылымы негізінде құрылады. Алайда, егер сізге тауарайналымнан үлес алатыныңызды алға тартып, әлі іске қосылмаған платформаны жарнамалауды ұсынса, бірақ жүйеге қосылу үшін ешқандай құжаттамасы жоқ, қайта сатуға болмайтын ББҚ сатып алуды талап етсе, демек бұл – желілік маркетинг кейпін жамылған қаржы пирамидасы деген сөз.
Оған қоса, желілік маркетингте ешқандай инвестицияның қажеті жоқ, тауарайналымынан үлес беру уәде етілмейді, басқа қатысушылардың сатып алған пакетінің 90%-ы қайтарылатындығы айтылмайды. Мұның бәрі – жаңа қатысушылардың ақшасы бұрынғы серіктестердің төлемақысына жұмсайтын қаржы пирамидасына тән көрсеткіштер болып табылады.
Бір рет алаяқтық жасаған адам — өмір бақи алаяқ болуы мүмкін бе?
Сергей Мавродидің тәжірибесіне сүйенсек, алаяқ бір қаржы пирамидасымен шектелмейді екен. 2021 жылы 12-наурызда «Unnnity corporation» қаржы пирамидасына қатысты сот ісі басталды. Аталмыш пирамиданың 10 көшбасшысына, оның ішінде Алия Рахмановаға да қаржы пирамидасын құруға және басқаруға көмектесті деген айып тағылды (ҚР ҚК 5 ст. 28, п. 2 ч. 3 ст. 217).
Мемлекеттік айыптаушының сөзіне сенсек, Алия Рахманова «Unnnity corporation» ұйымында жұмыс істеген уақытта 17 миллилон теңге көлемінде бонус алған. Қаржылық алаяқтықтың кеңінен етек алғанын келесі статистикадан анық көруге болады: Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген азаматтар тартылған. Астана қаласында 2 827 адам зардап шексе, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында — 7 200 адам, Алматыда — 4 460 адам, Ақтауда — 3 684 адам, Қызылордада — 1 841 адам, Жаңаөзенде — 1814 адам, Атырауда – 970 адам, ал Семей мен Аягөзде — 760 азамат аталмыш ұйымның құрбаны болған. Оған қоса, Павлодарда 488 адам, Байқоңырда — 449, Қарағандыда — 333, Қостанайда — 232 адам, Оралда — 63 адам алаяқтардың тұзағына ілінген.
Бүгінде Алия Рахманова – Aster.LTD-нің көшбасшысы. Сөзіне қарағанда, 4 айдың ішінде Royal дәрежесіне жетіп, шексіз пайда тауып отырған компания акционеріне айналған. Aster.LTD саясатына сәйкес сіз басқа агенттерді тарту арқылы үнемі бонустар мен пайыздар алып отырасыз, ол адамдар да басқаларды шақыру арқылы пайда табады, солай жалғаса бермек. Егер маркетплейс әлі өз жұмысын бастамаса, айтарлық тауарайналымы болмаса, көшбасшылары адам нанғызсыз ондай қомақты табысты қайдан алып отыр? Салымшылардың ақшасы қайда кетеді? Aster. LTD лидерлері пакет сатылымынан түскен қаражаттың 90%-ы жарнама агентінің маркетингіне қайтарылатынын алға тартады.
Алаяқтардан қалай қорғану керек?
Ешқандай сатылымсыз, жылдам әрі жеңіл ақша табуды уәде ететін «қызықты» ұсыныстардан абай болу керек. «МММ», «Властилина», «Смагулов және К» – бізге белгілі алаяқтардың бір бөлігі ғана. Тауар сатуға негізделген заңды желілік маркетинг компаниялары мен талай адамды зар қақтырып, ерте ме, кеш пе, күйреуге ұшырайтын заңсыз қаржы пирамидаларының айырмашылығын кез келген адам білуі тиіс. Төменде қаржылай сауаттылықты арттыратын бірнеше пайдалы ақпарат көзі көрсетілген, мәселен:
● Finversia — қаржы жаңалықтары, алаяқтыққа талдау мен сараптама жасау.
● FinGramota — тұрғындардың қаржылай сауаттылығын арттыру.
● Бодо Шефер «Мани немесе ақша әліппесі» — барлығына және әрқайсымызға арналған қаржылай сауаттылық туралы кітап.
● Джо Витале «Қалай ақша жасауға болады?» — адамның қаржылық іс-әрекетінің психологиясына арналған кітап.
● Джордж Клейсон «Вавилондағы ең бай адам» — қаржы заңдары мен ақшаға деген қарым-қатынас туралы кітап.
● Роберт Кийосаки «Бай әке — кедей әке» — бұл кітапта кедейлер мен орташа және дәулетті қоғам мүшелері арасындағы көзқарас айырмашылықтары туралы баяндалады.
5-10 минут уақытыңызды бөліп, сіз де өз тізіміңізді құрастыра аласыз. Сауаттылыққа талпынған маңызды әрине, бірақ бұл мақаланың басты мақсаты – қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы алаяқтар мен жосықсыз қаржылық құрылымдардан сақтана білу.