Алаяқтарға арбалып қалмаңыз! — Төрттаған
Суббота, 7 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтарға арбалып қалмаңыз!

12.07.2024
Қоғам
0
Алаяқтықтың ең көп таралған түрлері

«Қайырымды» жұмыс берушілер. Кейінгі уақытта мессенджер арқылы ақша беріп алдайтын алаяқтық қаптады. Жемтігін желіден іздейтін қылмыскерлер жеке телефон нөмір арқылы тіркелетін мессенджерлерге де келді. Әлеуметтік желіде мол байлықтың иесі екеніңді айтып есіңді алатын шетелдіктердің Whatsapp пен Телеграм арқылы жұмыс ұсынуы кәдімгідей сенім ұялататыны рас. Бірақ жағдайыңа қарайлайтын «қайырымды» жұмыс берушілер айласын асырса, қақпанға түстім дей беріңіз. Танымал блогер әрі IT саласының маманы Аршат Ораз осылай деп отыр. «Күмәнді адамдар Whatsapp арқылы жұмыс ұсынады. Келісіп жатсаңыз Telegram-аккаунтқа сілтеме жіберіп, менеджер жұмыс барысын түсіндіреді. Ол қонақ үйлерге «баға беруді», яғни лайк басуды және скриншоттар арқылы растауды сұрайды. Осы қызметің үшін күніне 10 мың мен 68 мың теңге арасында ақша табуға болатынын айтады. Әрі қарай тапсырмалар арнайы топтарда берілуі мүмкін», ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының орынбасары Рүс­тем Дүйсетаев.

Алаяқтарды одан кейінгі тапсырмасына қонақ үйлердің рейтингін онлайн көтеріп, алдын ала броньдау кіреді. Со­ның арқасында комиссия жиналады-мыс. Алайда броньдар «Booking» сияқты танымал платформаларда емес, біреудің картасына аударылуға тиіс. «Маған да жұмыс ұсынылды. Қазір картамнан ауда­ра алмайтынымды, бірақ ақша бар еке­нін, картамды бұғаттан шешу үшін 40 мың­дай ақша бере тұруларын сұрадым. Со­сын шешілген бойда қайтаратынымды айтып, алаяқтардың өзін сан соқтырғым кел­ген. Бірақ бұл жоспарым орындалмады. Қызықтың бәрі ортақ чатта басталды. Өздерінің адамдары «ақша аудардық» деп скриндарын жібере бастады. Біреуінде «Мәскеу сағаты» деп Қазақстан уақыты көрсетілген. Ал екіншісі комиссиясыз «Halyk bank»-тан басқа банкке ақша аударады. Ал транзакция нөмірі 10 емес, 11 таңбалы. Өзгертілген уақыт «Photoshop» емес, смартфон редакторы арқылы жасалған. Соларды айтып едім, топтан бірден шығарып жіберді. Жалпы айтқанда, кейінгі кезде біраз тоқырауға кеткен алаяқтық жүйелері жаңаша келбет ала бастапты», дейді блогер.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Жеке деректер сатылымда жүр. Осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желі қолданушыларының жеке мәліметтері күллі әлемге жария болды. Желіге дерек­тері жарияланған қолданушылардың жалпы саны 533 млн болса, оның ішінде 3 214 990 отандасымыз бар. Сол кезде-ақ сарапшы мамандар айдай әлемге жарқ еткен жеке мәлімет ертеңгі күні алаяқтардың арманын орындауға септігін тигізетінін атап өтті. Ал жақында отандастарымыздың жеке басына қатысты құпия мәліметтерді тегін тарататын ресейлік Telegram-арна белгілі болды. Демек бұл «Еліміздегі дербес деректердің қауіпсіздігі сын көтер­мей­тінін көрсетпей ме?» деген заңды сұрақты қоюға мәжбүр етеді.

IT-сарапшы Ерлан Оспан алаяқтық­тың бұл түрі тек біздің елге келген кесапат емес екенін айтады. Оның сөзінше, алаяқтардың мемлекетке әкелген шығын есебін жариялап тұратын елдер көп, Қазақстан сол тізімнің алды да, соңы да емес. «Жеке мессенджерге хабарласа­тын алаяқтар қайдан келді? Бұл кәдімгі парсинг әдісі. Қызметкерлердің телефон нөмірі жарияланған сайттар көп. Бағ­дарламашылар сол сайттардағы мәтін ішінен телефон нөмірді сүзіп алатын робот жазып, нөмірлердің базасын түзеді. Бұл аса қиын емес. Мектеп оқушысының қолынан келетін код дер едім. Екіншіден, олар рандом нөмірлер генераторын жасайды. Сосын сол нөмірлерді хаттармен атқылайтын боттарға қосады. Боттар «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген пәлсапамен хат-хабарды барлық нөмірге жібере береді. Ал сол жүз мың адамның ішінен 20-сы «өзінің қазір ғана 5 мың доллар ұтып алғанына» сеніп қалады», дейді маман.

Сондай-ақ азаматтардың дерегі қол­же­тімді болуының бір себебін сарапшы «Цифрлануды жобалау кезеңінде қауіпсіздік мәселесі назардан тыс қалуы мүмкін» деп отыр. Тіпті 2000-жылдардың өзінде отандастарымыздың телефон нөмірі мен тұрғылықты жерінің дерекқорлары компакт-дискімен сатылған. Ең қызығы, ол дискілерді Мәскеудің әйгілі «Горбушки» базарынан әкелген. Жеке бас құпиясына немқұрайдылық сонша, мәлімет сату­шылар дискінің сыртына «Ақтөбе қа­ласы», «Алматы қаласы» деген лейблдер де басқан екен. Ал қазіргідей интернет қылмыс көбейген заманда ве­дом­ствоаралық ақпа­рат алмасудағы келең­сіздіктер, заң­дар­да құпияның жария болуына жауапты ұйым мен адамның аты аталмауы мәсе­лені әрі қарай ушықтырды. Осылай де­ген сарапшы: «Қазір хакерлердің жа­бық қауым­дастықтарында нөмір иесін біліп беру, мүліктерінің тізімін шығару сияқ­ты қызметтер ұсынады. Олар мұның бар­лығын аспаннан алып отырған жоқ. Кор­по­рациялар ішінде қауіпсіздік жолға қойылмаған соң әлденеге ренжіген немесе ниеті бұзық қатардағы қызметкер де дерекқорды көшіріп ала алады. Мысалы, электрондық қолтаңба қолды болып, сыртынан несие ресімделген құрбандар туралы мәліметтер ашық дереккөздерде толып жүр», дейді.

Қылмыскердің құрбаны кім? ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес ор­талығы тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын тұрақты жүргізіп, интернет­тегі әрбір ақпаратқа мұқият болуды, телефон арқылы хабарласқан кез келген қоңы­рау иесіне құпияны аша берудің қате­лік екенін үздіксіз айтып келеді. Мәсе­лен, орталық бастығы Жандос Сүйін­бай­дың сөзіне қарағанда, биыл БАҚ-та про­фи­лактикалық сипаттағы 6 мыңнан астам материал жарияланған. Оның сыр­­­тында байланыс операторларымен жасалған меморандумдар тағы бар. Алайда халықты ақпараттандыру бойын­ша ауқымды жұмыс жүргізілгенімен, желіде жемтік болғандар көп. Ал аңқау елдің осал тұсын оп-оңай табатын қыл­мыскерлерді құрықтау тіпті қиын. Себе­бі басқа қылмыстарға қарағанда кибер­қылмыстың ерекшелігі бар.

Интернеттегі алаяқтық ақпараттық техно­логиялардың көмегімен жасалады. Қыл­мыскер тіпті шетелде отыруы мүм­кін. Сондықтан құқық қорғау органдары оларды анықтаған күннің өзінде қылмыскерді алдырту – күрделі жұмыс. Алаяқтық жасалған мемлекетпен арада келісімшарт болмаса, сұрау хаттың соңы да сиырқұйымшақтанып кетуі мүмкін. Әйткенмен шетелдік нөмір көрсе, шекесі шылқи майға малынатындай көретін адамдар жетерлік.

Оның себебін психолог мамандар пайдакүнемдік пен күйзелістен іздейді. Сымсыз желінің сырын білмей, сыртынан жүрген жандармен жұмыс істейтін психолог Айгүл Қараманова «Алаяқтардың арбауына түскендердің көбі жақындары­нан жылы сөз естімеген қыз-келіншек­тер» деп отыр. Адамның жан дүниесін жан-жақты зерттейтін алаяқтар әдемі сөзімен елітіп, ертегіге бергісіз қиялға жетектеп кете барады екен. Ал психолог Серікгүл Сәли оңай олжаға асығатындардың көбі еңбек етпей мол табыс табуға асығатын тар түсінікте қалып қойғандығын айтады. Демек қазіргідей деректердің ашық­тан ашық саудаға түсіп жатқан кезеңінде адамдардың ашкөздігі мен аңғалдығы да алаяқтардың айын оңынан тудыра берері анық.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

БИЫЛ ТҮРКІСТАН КӨШЕЛЕРІ 95%-ҒА ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ғаламтордың мүмкіндіктерін алаяқтар өз пайдасына жаратып жүр

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.