Интернет-алаяқтықтың бір түрі – фишинг — Төрттаған
Понедельник, 7 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Интернет-алаяқтықтың бір түрі – фишинг

25.06.2024
Қоғам
0
Интернет-алаяқтықтың түрлері күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді

Банктің бұл жаңа қызметі бойынша адамдарды алдау жайттары да кездесуде. Алдымен адамдардың сеніміне кіріп алады да, сосын «келген парольді айтып берсеңіз» дейді. Парольді қолына алған алаяқ оның шотындағы ақшаның бәрін өзіне аударып алады немесе қолма-қол шешіп алады. Өткен жылы орын алған тағы бір мынадай ірі алаяқтық оқиғасын айта кетуге болады. Солтүстік Қазақстан облысында белгілі спортшы бар. Атын атамай-ақ қояйын. Сол жігіт қатерлі ісік ауруына шалдығып, дерті асқынған соң, анасы ұлының достарының қолдауымен әлеуметтік желіде көмек сұрау парақшасын ашады. Танымал жігітке алғашқыда көптеген қазақстандықтар парақшада көрсетілген реквизиті бойынша қаражат аударып, қол ұштарын бере бастайды. Содан 1 шілде күні белгісіз адам спортшының анасына телефон шалып: «Мен сізге көмек көрсетсем деймін. Қазір сізге «Halyk Bank»-тен код келеді, соны маған айтсаңыз, мен шотыңызға қомақты қаржы аударып жіберем», дейді. Біраздан кейін анасы өзіне келген SMS-хабарламадағы кодты жаңағы көмектесемін деген адамға айтып береді. Алаяқ кодпен ана кісінің интернет-банкингіне кіріп, ондағы халықтан жиналған 6 миллион 884 мың теңге қаражатты басқа шотқа аударып жіберген. Ал спортшының анасы көмектесем деп хабарласып жатқан адамдар көп болғандықтан, оған аса мән де бермеген. Шотын да тексермеген. Содан шілденің 4-і күні оған банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалынып: «1-і күні сіздің шотыңыздан басқа жаққа осынша сома аударылды. Оны білесіз бе?», деп сұрайды. Жалпы кез келген банкте осы секілді бірден қомақты сома аударымы жасалса, қауіпсіздік қызметі оның иесіне ескертіп отырады. Алаяққа алданғанын сол кезде барып білген спортшының анасы құқық қорғау органдарына арыз жазып, біздің қызметкерлердің табанды іздестіруінің арқасында М. есімді азамат ұсталып, өткен жылдың 23 желтоқсанында оған сот өкімі шықты. Енді ол 6 жыл 8 ай уақытын темір тордың арғы жағында өткізетін болды.

Интернет-дүкендермен байланысты алаяқтықтар да аз болып жатқан жоқ. Ғаламторда, әлеуметтік желілерде әртүрлі заттар, киім-кешек, телефон, басқа да тұрмыстық бұйымдарды арзан бағада сатамыз деп жарнамалап жататындар бар. Олардың арасында шынымен интернет арқылы сауда-саттық жасайтындармен қатар, алаяқтықпен айналысатындар да аз емес. Мысалы, соңғы кездері «iPhone» телефондарын өтірік жарнамалап: «5 телефон ғана қалды, негізі 260-300 мың тұрса, біз өз бағасына 180 мыңға береміз», деп қызықтырады. Соған алданғандар алаяқтарға «QIWI-әмиян» («QIWI-кошелек») арқылы ақшасын аударады. Міне, бұл енді банк арқылы емес, QIWI-әмиянмен жасалатын интернет-алаяқтықтың түрі. Біз тексеру барысында көбіне осындай QIWI-әмияндардың нөмірі шетелдерге тиесілі болып шығып жатады. Сондықтан жәбірленушіден арыз қабылдаған соң, қылмыскерді табу үшін, есепшот қай мемлекетке тиесілі болса, сол елдің құқық қорғау органдарымен хабарласып, бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз.

READ ALSO

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Интернет-алаяқтықтың бір түрі – фишинг. Бұл – интернет пайдаланушының жеке мәліметтерін (логин мен пароль) жасырын алу. Қаскүнемдер алдымен танымал брендтердің немесе банктердің атынан жаппай электрондық хаттар таратады. Негізі, айта кететін нәрсе, электрондық адресіңізге өзіңізге қатысты емес, сіз білмейтін мекенжайлардан келген хаттарды ашпаған жөн, ашқан күннің өзінде ол жерде көрсетілген сілтемелерге кірудің қажеті жоқ. Ондайларды мүмкіндігінше сол келген бойында жойып отыру керек және міндетті түрде вирусқа қарсы бағдарламаларды қолданған жөн. Мысалы, сізге байланыс операторларының атынан осындай жалған хат келеді. Егер сол хаттың ішінде көрсетілген сілтемені бассаңыз болды, сіздің компьютеріңізге вирус кіріп кетуі мүмкін. Тіпті, вирус кірмесе де, сілтеменің ішінде «Қауіпсіздікті сақтау үшін логин мен пароліңізді қайта енгізіңіз немесе өзгертіңіз» деген сияқты жазу болады. Ол жерге өзіңіздің логиніңіз бен пароліңізді жазсаңыз – осы мәліметтеріңізді қаскүнемдердің қолына ұстаттыңыз деген сөз.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА НҰҚСАН КЕЛТІРГЕН 6 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтардың жаңа «әдіс-тәсілдері»

Оқи отырыңызМақалалар

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
3
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
4
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.