Бүгінде онлайн-алаяқтардан қалай қорғану қажет? — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Бүгінде онлайн-алаяқтардан қалай қорғану қажет?

14.07.2024
Қоғам
0
Бүгінде онлайн-алаяқтардан қалай қорғану қажет?

Кері байланыс: қаржы пирамидаларын, жалған брокерлерді қалай танып білуге болады және өзіңізді онлайн- алаяқтардан қалайша қорғау қажет.

Азаматтар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен мынадай кері байланыс арналары арқылы консультациялар алуларына болады – бұл « » мобильдік қосымшасы және «1459» нөмірі бойынша Call-орталық.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Мобильдік қосымша халықтың қаржы реттеушісімен жедел өзара іс-қимыл жасауы және кері байланысын нығайту мақсатында жұмыс істейді. Онда 14 тақырыптық бөлім ұсынылған, аталған бөлімдерде реттеушіге қаржы өнімдері мен көрсетілетін қызметтер, қаржы ұйымдарымен, МҚҰ, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл, алаяқтық жағдайлары жөнінде сұрақтар қоюға болатын. « » жұмыс істеген сәттен бастап ол арқылы пайдаланушылардан 10,1 мыңнан астам сұрақтар қабылданып, өңделді.

Қаржы реттеушісінің қызметінің қолжетімділігін арттыру және ол жөнінде  толық ақпарат алу үшін Агенттікте call-орталық жұмыс істейді, ол арқылы бүгінде азаматтардан  59,1 мыңнан астам қоңырау түсті. Азаматтар

ҚНРДА-ға қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржы нарығына қатысушылармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялар алу үшін ғана емес, сондай-ақ бұрын жіберілген өтініштердің мәртебесін нақтылау үшін де жүгінеді. Call-орталықтың жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00- ден 14.30-ға дейін.

Сұрақ: Жұмыс іздеп отырып, интернеттегі жарнаманы көрдім, онда пайдалы жобаға инвестиция салу ұсынылған. Оның мәні неде екенін түсінбедім, бірақ сипаттамаға сүйенсек, нәтижесінде қысқа мерзімде пайданы екі есе немесе тіпті үш есе арттыруға болады. Бұл қаржы пирамидасы болуы мүмкін бе?

Жауап: Қазіргі уақытта қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар өз қызметін әр түрлі қызмет салалары ретінде, әсіресе Желіде шебер жасырады. Сондықтан қаржы пирамидасын тану үшін оның белгілерін білу қажет.

Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:

қаржы нарығында ақша қаражатын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру және/немесе ұйымның қызметін дәл айқындау үшін берілген уәкілетті органның лицензиясының болмауы;

ағымдағы нарық деңгейінен бірнеше есе жоғары және өте жоғары кірістілік туралы уәде беру;

жаңа қатысушыларды тартқаны үшін қаражат төлеу;

«инвестициялық» жобаларға инвестиция салу кезінде кірістілік алуға кепілдік беру;

БАҚ-та, интернетте жаппай жарнама жасау;

құрылтайшылар, құрылтай құжаттары, қаржылық көрсеткіштер және қызмет нәтижелері туралы ақпараттың болмауы; есептіліктің болмауы; активтер құрылымын және инвестициялау бағыттарын жасыру;

меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің және басқалардың болмауы.

Егер ақша салуға шақыратын компанияда жоғарыда сипатталған белгілердің кем дегенде бірнешеуі болса, оның сенімділігіне күмән келтірген жөн.

Мұндай ұйымның жарнамасын көргеннен кейін дереу құқық қорғау органдарына – тұрғылықты жеріңіз бойынша ҚР Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне хабарласыңыз.

Қазақстанда қаржы пирамидасын құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасағаны үшін – қылмыстық (ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес); қаржы (инвестициялық) пирамида қызметінің жарнамасын шығарғаны, таратқаны және орналастырғаны үшін («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 150-бабына сәйкес) әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сұрақ:  Брокердің шын немесе алаяқ екенін қалай танып, білуге болады?

Жауап: Брокер бағалы қағаздармен мәмілелерді өз клиентінің есебінен және оның мүддесі үшін уәкілетті орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы негізінде ғана және брокер мен клиент арасында брокерлік қызметтер көрсету туралы тиісті шарт жасалған жағдайда ғана жасауға құқылы.

Сондықтан Агенттіктің сайтында осы брокердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар-жоғын тексеру қажет. Қаржы реттеушісінің интернет-ресурсында көрсетілген осы брокердің деректемелері лицензияда көрсетілген деректемелермен сәйкес келуге тиіс.

Сұрақ:  Егер мен алаяқтарға байқаусызда картаның деректерін айтып қойсам, не істеу керек?

Жауап: Алаяқтар сіздің төлем картаңыздың деректеріне және/немесе SMS арқылы келетін кодтарға алдау арқылы қол жеткізген жағдайда, сізге барынша тез уақытта эмитент банкке хабарласып, карточканы және оған  байланыстырылған шотты бұғаттау қажет. Сондай-ақ, алаяқтық туралы өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгіну керек.

Дербес деректерді ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға беруге болмайтыны туралы ақпаратты банктің клиенттерге шарт жасау кезінде, сондай-ақ ақша аударымдарын жасау үшін растау кодтарын жіберген кезде үнемі еске салып отыратынын атап өтеміз.

ҚНРДА-ға банк (немесе өзге де қаржы ұйымы, сондай-ақ микроқаржы ұйымы) шарттың және қауіпсіздік хаттамасының талаптарын орындамайтын жағдайда жүгінуге болады.

Сондықтан өзіңіз бен өз қаражатыңызды қорғау үшін мынадай негізгі қағидаларды естен шығармаған жөн:

Жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, ешбір жағдайда ешкімге жеке деректеріңізді жібермеңіз;

Ешқашан төлем картасының деректемелерін бермеңіз және жарияламаңыз (оның ішінде әлеуметтік желілерде): 16 таңбалы нөмір, ұстаушының аты, қолданылу мерзімі, CVV / CVC-код;

Операцияларға рұқсат беруге және растауға арналған SMS-кодтарды ешкімге, оның ішінде банк қызметкерлеріне хабарламаңыз;

Өзіңіздің банктік карталарыңызды үшінші тұлғаларға, тіпті туыстарыңызға, оның ішінде кафелер мен мейрамханаларда төлем жасау үшін бермеңіз;

Карта жоғалған жағдайда оны дереу жабыңыз немесе банктің шұғыл желісіне қоңырау соғып, барлық операцияны тоқтата тұрыңыз;

Банк қызметкерлері ешқашан карта бойынша деректерді немесе келген SMS-ті хабарлау туралы талаппен клиентке бірінші болып қоңырау соқпайды. Аталған мәселелер бойынша кез келген қарым-қатынасқа тек клиент бастамашы болады;

Банкоматты қолдану кезінде құрылғының жалпы құрылысынан ерекшеленіп тұрған күмәнді артық заттардың болуын тексеріңіз. Құрылғының қауіпсіздігіне көз жеткізген күннің өзінде ПИН-кодты бейтаныс адамдарға көрсетпей енгізу ұсынылады;

Егер сіз Интернет арқылы банктік картаны пайдалана отырып, төлем не сауда жасайтын болсаңыз, күдікті поштаны ашпаңыз және белгісіз сілтемелерді баспаңыз. Олардың құрамында алаяқтарға компьютерден ақпаратты қашықтан бере алатын вирус болуы мүмкін;

Шоттың барлық өзгерістері мен орындалған транзакцияларды жедел тексеріп отыру үшін SMS немесе push-хабарламалар қызметін қосыңыз. Осылайша, сіз өз картаңыз бойынша күдікті операцияларға ден қоя аласыз.

Есіңізде болсын! Банк өкілдері сізден шоттардың және банк карталарының деректемелерін, ПИН-кодтарды, CVV-кодтарды және басқа да конфиденциалды ақпаратты хабарлауды сұрамайды. Егер сізден осындай ақпарат сұралса, бұл туралы банктің жедел желісі арқылы хабарлаңыз.

Сондай-ақ қарыздар беруге дербес тыйым салу («Стоп кредит» немесе «6 айға банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті бас тарту») сияқты алаяқтардан қорғану тетігі туралы білген жөн. Бұл адамның банктерден, микроқаржы ұйымдарынан (МҚҰ) жаңа кредиттер алудан ерікті бас тартуы.

Мұндай тыйым салуды тек қарыз алушының өзі белгілей алады. Аталған опцияны пайдаланған кезде қарыз алушының кредиттік тарихында оның кредиттер алудан уақытша бас тартқаны жөнінде белгі пайда болады. Кредиттік ұйым кредиттік бюролардан деректерді сұрақтан кезде шектеу жөнінде осындай белгіні көреді және автоматты түрде клиентке қарыз бермеу туралы шешім қабылдайды.

Бұл ретте шектеу ломбардтарға, сондай-ақ өз клиенттерінің кредиттік тарихына баға бермейтін ұйымдарға қолданылмайды. Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуға egov.kz сайтында және е-GOV mobile қосымшасында қол жеткізуге болады.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Интернет-алаяқтардан бір қадам алда болыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БАРЛЫҚ ӨТІНІШТЕР ЗАҢ АЯСЫНДА ЗЕРДЕЛЕНЕДІ 

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.