Соңғы уақытта қаскөйлер құрылғыны қашықтықтан отырып басқаруға болатын қосымшаларды пайдалана бастаған. Алаяқтар түрлі себептермен RustDesk, AnyDesk, TeamViewer сияқты тегін қосымшаларды смартфонға жүктеп алуға мәжбүрлейді. Осылай телефонды алыстан басқара алады. Полицейлер азаматтардан бейтаныс адамдардың айтқанына сенбей, осындай күмәнді қосымшаларды жүктемеуді сұрайды. Өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын адамдардан қоңырау келіп түссе, бірден өз банкіңіздің Call-орталығына не болмаса «102» арнасына қоңырау шалған жөн.
— Сіздің банктік картаңыздың мәліметтерін әртүрлі сайттарға енгізбеңіз, өйткені бұл Сіздің жеке мәліметтеріңізді жинау үшін арнайы жасалған «фишингтік» сайттар болуы мүмкін, олар кейінірек сіздің банктік картаңыздан рұқсат етілмеген төлемдер жасау үшін қолданылады.
— интернеттегі күмәнді байқауларға қатыспаңыз, онда олар Сіздің ақшаңызды көбейтуге уәде береді немесе Сізге үлкен ақшалай сыйлық туралы хабарлайды.
— күмәнді жобаларға ақша салмаңыз, олар криптовалютаға, акцияларға, бағалы металдарға және т.б. инвестициялау арқылы үлкен дивиденттер уәде етеді, компанияның сенімділігіне көз жеткізіңіз, интернеттегі шолулар мен пікірлерді оқыңыз, басқа елдердің іс жүзінде жоқ абоненттік нөмірлерден қоңырау шалып, олардың фирмасына инвестиция салудың артықшылықтары туралы сенімді түрде айтуы мүмкін.
— Егер Сізге банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалса, банк қызметкерлері ешқашан Сіздің картаңыз туралы ақпарат сұрамайтынын, сондай-ақ, ұялы телефонға келетін кодтарды беруді қажет етпейтінін ұмытпаңыз. Сондай-ақ, алаяқтар мобильді қосымшаларды абоненттік нөмірді өзгерту үшін, арам пиғылда «банктің Call орталығынан» қоңырау шалу үшін пайдаланады. Мұндай уақытта Сізге телефон тұтқасын қойып, карточкада немесе банктің сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қоңырау шалу керек.