Алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады — Төрттаған
Четверг, 7 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады

20.04.2024
Қоғам
0
Алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады

Цифрландырудың жаңашылдығы өмірімізді жарқын еткенімен, интернет-алаяқтықтың қанат жаюына да түрткі болып отырғанын мойындауымыз керек. Себебі әлеуметтік желілерде алаяқтарға алданған азаматтардың мұң-зары толып тұр. Осындайда зейнеткерлер былай тұрсын, «құқықтық сауатым жақсы» деген тұрғындардың өзіне алаяқтың қақпанына түспеуіне белсенді жастар көмектеседі. «Alayaq.net» жастар қозғалысы киберқылмыскерлердің түрлі айла-шарғы жолдарын әшкерелеп, 100-ге жуық жастың басын қосқан. Бұл туралы astana-akshamy.kz-на сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпарттық агенттігі хабарлайды.

Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады. WhatsApp желісіндегі алаяқтық, онлайн дүкендердің қитұрқылығы, түрлі блогерлердің «пайдалы» курстары секілді әлеуметтік желілердегі алаяқтықтың түрлі схемалары «Alayaq.net» интернет-порталында нақты көрсетіліп, көпшілікті алданудың алдын алуға әрі қаржылық сауатын арттыруға шақырады. Республикалық жастар қозғалысы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

– Онлайн порталда адамдар алаяқтық схемаларға түспеуі үшін барлық қажетті деректер орналастырылған. Мысалы, «Алаяқ­ты қалай тез білуге болады?», «Алаяқтар қалай алдайды?», «Алаяқтықтың расталған фактілерінің тізімі» тақырыптары бойынша қолжетімді ақпарат алуға болады. Сондай-ақ белгілі бір инфлюенсердің қара тізімде бар-жоғын тексеру мүмкіндігі де қарастырылған. Ең бастысы, біздің порталдың көмегімен азаматтар интернеттегі алаяқ­тық фактілері туралы хабарлай алады. «Алаяқтықпен бетпе-бет келдіңіз бе?» бөліміне өтіп, өзіңіздің оқиғаңызды хабарлау­ға мүмкіндік бар. Одан бөлек, ғаламтордағы әккі ұрылардың айласы жүзеге аспауы үшін олардың қалыптасқан әрекеттерінің үлгісі жинақталып, жобаның әлеуметтік желілерінде еріктілердің қатысуымен бейнежазбаларда жарияланады. Жастар азаматтарға заң тұрғысынан кеңес беріп, түрлі алаяқтық әдістерді қалай тез анықтауға болатыны жайлы егжейлі-тегжейлі түсіндіреді. Қазіргі уақытта біз 10 күндік тренингті бастадық, онда ақпараттық бейнероликтер мен подкасттар арқылы адамдарға түсінікті және қолжетімді түрде ақпарат жеткізіледі. Оған тек 500-дей адам қызығушылық танытады деп ойладық, бірақ бүгінде 4000-ға жуық адам тіркелді. Дені – жастар, – деді жобаның іске асырушысы әрі «Медицина Жастары» РҚБ төрағасы А.Әбдіраш.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Интернет-алаяқтық белгілері байқалған қызмет көрсетушілерді тіркей алады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жалған ақпарат тарату туралы жауапкершiлiктi арттыру

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
10
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
7
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ

10.03.2026
8
ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ

08.03.2026
4
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
460

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
397
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
291
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
217

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.