Интернет алаяқтық қылмыстары жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребековтің 10.05.2024ж №1102 санды хатына және аудан прокуроры А.Досаевтың 18.04.2024ж №2-12-24-00523 санды заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысына сәйкес Мақтарал ауылдық округі әкімінің орынбасары Алим Ибраевтың ұйымдастыруымен округ аумағында интернет алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында Мақтаарал АПБ УПИ инспекторлары, округ ардагерлер кеңесінің төрағасы және округ ақсақалдарының қатысуында жергілікті қоғамдастық жиналысы ұйымдастырылып профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Соңғы уақытта алаяқтардың айла-шарғылары күрделене түсті және бұл ең алдымен интернет-технологиялардың дамуына байланысты орын алып отыр. Заманауи технологиялардың дамуы, сондай-ақ тез өзгеретін ақпараттық орта бізден алаяқтықтан қорғау процестеріне жақсы түсіністік пен белсенді қатысуды талап етеді.
Осы интернет алаяқтық қылмыстарының құрбаны болмау, яғни ақша аударымдарына, жалған ұтыс ойындары мен аз уақытта ақшаны бірнеше көлемде еселеп қайтару, банк қызметкерімін деп, туысыңызда келеңсіз жағдай орын алды деп хабарласу, интернет арқылы заттар мен көліктерді сатып алу кезінде және банктік ақша аударымдары кезінде мұқият болып, оның шынайылығы мен дұрыстығана көз жеткізген соң барып әрекет ету қажет.
Құжаттарды рәсімдеуде, несиелер мен тұрғын үй сатып алуда, әлеуметтік көмек алуда және басқаларында күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенімділік танытуда өте сақ болуды ұсынды. Өз проблемаларын шешуге немесе тез материалдық пайда алуға үміттеніп, алаяқтардың әр түрлі айлаларына сеніп қалмау керек.
Егер де, жоғарыда аталған жәйттарға тап болсаңыз, бірден полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.